Қазақстан Волейбол федерациясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, жастар чемпионатында біздің еліміздің намысын Лаура Қабылбекова мен Надежда Иванченко, Айсұлу Мұхтарқызы мен Әсемай Сабанбаева және Дархан Аманжолов пен Дамир Лапов, Александр Кетиладзе мен Александр Исмаилов қорғады.
Халықаралық деңгейдегі жарыстарда Дархан Аманжолов пен Дамир Лапов жағажайшыларының тандемі ерекшелене алды. Оларға Таиланд құрамасына қарсы 3-4 орын үшін жекпе-жегінде техникалық жеңіс берілді.
Бірінші сетте Павел Александровтың шәкірттері 21:14 есебімен алға шықты. Екінші партияда қарсыластардың бірі жарақат алып, 17:8 есебімен жекпе-жек қазақстандықтардың пайдасына саналды.