Аймақтар • 07 Шілде, 2021

Қызылорда облысында жыл басынан бері 20 бала суға кетті

284 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аймақта жыл басынан бері суға кетудің 30 дерегі тіркелген. Қаза болған 35 адамның 20-сы бала. 3 жастағы сәбиден бастап 15-16 жас аралығындағы жасөспірімдер тілсіз жаудың құрбандары болды. Бұл туралы өңірлік коммункациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық ТЖД бастығының орынбасары Саид Молдақараев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қызылорда облысында жыл басынан бері 20 бала суға кетті

«Сырдария өзені жағалауы және қала, аудан аумағында орналасқан су айдындарында тұрғындарға, әсіресе жастар мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жауапты сала мамандары бар. Күнделікті 13:00-20:00-ге дейін рейдтік және патрульдеу іс-шаралары ұйымдастырылуда. Балық аулайтын орындарда 563 рейд өткізіп, 5606 адамға судағы қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, үнпарақтар таратылды. Қазір 24 адамға ескерту жасалды. Ескертетін жайт, қоршау белгілерінен асуға, көпірлерден, дамбалардан, қайықтардан суға секіруге және сүңгуге, таныс емес орындарда шомылуға болмайды. Сондай-ақ ата-аналарға балалардың бақылаусыз су жағасына жібермеуін сұраймыз», деді Саид Шазындаұлы.