Өнер • 07 Шілде, 2021

Алматыдағы опера және балет театры 87-маусымын аяқтады

450 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Абай атындағы Қазақ ұлттық академиялық опера және балет театры 87-маусымын «Спартак» қойылымымен жапты. Ол аталған өнер ордасында алғаш рет 1974 жылы сахналанған болатын, деп жазады Egemen.kz

Алматыдағы опера және балет театры 87-маусымын аяқтады

Абай атындағы Қазақ ұлттық академиялық опера және балет театры 87-ші театр маусымының аяқталуына орай, көрермен назарына «Спартак» балеттің жаңартылған нұсқасын ұсынды. Қойылымды балетмейстер Гүлжан Тұтқыбаева, Ресейдің халық суретшісі Вячеслав Окунев қойды. Қоюшы дирижері - Қазақстанның еңбек сіңірген қоғам қайраткері Ерболат Ахмедияров.

Премьераға балет труппасының барлық құрамы қатысты Басты партияларды Жанель Түкеева, Азамат Асқаров, Архат Әшірбек, Айман Егісбаева, Малика Елшібаева, Нельсон Пенья, Гүлвира Құрбанова, Рахым Дайыров сынды жетекші солистер орындады.

Елу жыл бұрынғы премьерада Красс рөлін сомдаған ҚазКСР еңбек сіңірген әртісі Эдуард Мальбеков те әртістерге кеңес беріп, бағыт-бағдар көрсеткен. Ол өз кезегінде қойылымның туған сахнасына қайта оралғанына қуанышты екенін айтты. 

«Әрине, Гүлжан Тұтқыбаева мен суретші Вячеслав Окуневтің өзгертулері енгізілді. Алайда ол Зәуірбек Райбаев қойған спектакль күйінде қалып отыр. Барлық балет труппасы жоғары нәтиже көрсетті. Осы қойылым аясында еңбек еткен барлық маман өз міндетін мінсіз атқарып шықты», деді Эдуард Мальбеков.

Айта кетейік, қойылым үшін арнайы 300-ден астам костюм тігілген. 

Соңғы жаңалықтар

Нәзік иықтағы ауыр жүк

Әйел әлемі • Бүгін, 09:35

Арманына жеткен ару

Әйел әлемі • Бүгін, 09:30

Талапкерге қанат бітірген

Әйел әлемі • Бүгін, 09:25

Мейрам қарсаңындағы марапат

Тағзым • Бүгін, 09:20

Ел анасы, ерте оянған санасы...

Әйел әлемі • Бүгін, 09:10

Қазақ әйелдерінің шежіресі

Тарих • Бүгін, 09:05

Шаршы тақтаның шаһбазы

Шахмат • Бүгін, 09:00

Шекісудің де қайыры бар

Спорт • Бүгін, 08:50

Жерлесіміздің 20 жетістігі

Спорт • Бүгін, 08:45

Көпбалалы отбасы қуанышы

Қоғам • Бүгін, 08:40

Нәрестені ширатқан орталық

Аймақтар • Бүгін, 08:35

Көптің аманатын арқалаған

Әйел әлемі • Бүгін, 08:30