Қазақстан • 07 Шілде, 2021

Е. Тоғжанов вирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК отырысын өткізді

121 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Қазақстан аумағында COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

Е. Тоғжанов вирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК отырысын өткізді

Денсаулық сақтау министрі А. Цой коронавирус инфекциясы бойынша сырқаттанушылық көрсеткішінің өсуіне байланысты барлық өңірлер күшейтілген шектеу шараларын қабылдағанын атап өтті.

Бұл ретте соңғы 2 аптада Маңғыстау облысында COVID-19 инфекциясын жұқтыру жағдайларының 2,7 есеге, Ақтөбе облысында 2,1 есеге артқаны байқалады.

Вице-премьер аталған өңірлерде КВИ-мен ауырудың артуы халықты вакциналаудың төмен қарқынымен тікелей байланысты екенін атап өтті. Мәселен, Маңғыстау облысында тиісті контингенттен халықтың небәрі 19,7%, Ақтөбе облысында – 31,4%, Батыс Қазақстан облысында 31,6% екпе салдырған.

ВАК төрағасы халықты вакциналаудың пайдасы мен тиімділігі туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

Сондай-ақ, әсіресе, Алматы, Маңғыстау және Ақтөбе облыстарында карантин режимін сақтауды бақылау жөніндегі мониторинг топтарының белсенді жұмысы жеткіліксіз екені айтылды.

Отырыс соңында Премьер-Министрдің орынбасары халықты коронавирус инфекциясына қарсы вакциналаумен қамтуды ұлғайту қажеттігін тапсырды.