− Еліміздің бас қаласына қош келіпсіз, он күнгесозылған көршілес үш ел театрларының кездесуі қалай өтті?
− Рақмет! Осындай жарқын жүздесулерді асыға тосыпжүреміз. Мұндай кездесулер театр актерлеріне шабытсыйлап қана қоймайды, тәжірибе алмасуға, бір-біріміздіңөнерімізді жақын білуге, бағалауға мүмкіндік береді. Жалпы, қазақ пен өзбек бір тамырдан өрбіген бауырлас халық. Қоселдің достығы көне ғасырдан жалғасып келеді. Өзімешығармашылық кездесу ұнады. Басқа да театрлардың қойылымдарын көріп, көп нәрсені ойыма түйдім. Осындаймазмұнды шараны ұйымдастырушыларға алғысымдыайтамын.
− Жаңа ғана сіздің спектакльіңізді көрдім. Адамдытүрлі ойға жетелейді екен...
− Ол рас. Бұл шығарманың жазылғанына алпыс жылданаса уақыт болса да ондағы айтылған салмақты ой әлі күнгедейін өзекті. Қазіргі кезде тіпті маңызы артып кетті. Өмірдеадамның ар-ұжданынан, ұятынан биік дүние жоқ. Шындапкелгенде, әлемді ұстап отырған ар-ұжданы биік адамдар. Сондықтан да бұл тақырып қандай дәуір болса да маңызынжоймайды. Біздің театр бұл спектакльді жеті жылдан берісахналап келеді. Актерлар да оны бар ынтасымен ойнайды. Бір жағынан, әр қойылым сайын оны көрерменге жаңашаберуге күш саламыз. Әртістер құрамы да жастарменжаңарып отырады. Содан ба, осы туындымен қай жергебарсақ та оны көрермен жылы қабылдайды. Біз осы спектакльмен астаналарыңызға екінші мәрте келіп отырмыз. Бұдан төрт жыл бұрын атақты актер Асанәлі Әшімовтің 80 жылдық мерейтойына арналған театр фестивалінеқатысқанбыз.
− Өзбекстандағы театр өнеріне тоқталып өтесіз бе?
− Бізде 34 театр бар. Сонымен қатар театр студияларыкөптеп ашылып жатыр. Әрине, бұған біз қуанамыз. Жұртшылық та театрды жақсы көреді. Әсіресе көрермендердіжастар тақырыбы толғантады. Алайда драматургия саласыкішкене кенжелеп тұр. Енді-енді талантты жастар шығыпжатыр. Соған қарамастан бұрынғы драматургтердің қазіргіуақытпен үндес туындыларын сахналап жатырмыз.
− Міне, бір жылдан бері барлық әлемді коронавирусдерті қыспаққа салып қойды. Соның кесірінен адамдарда театрдан кішкене алшақтап қалғандай ма?
− Иә, солай болып тұр. Пандемия кезінде көрермендер де театрға сирек келді. Енді оны түсінуге болады. Бәрі де уақытша деп ойлаймын. Бірақ біз шығармашылықізденісімізді тоқтатқан жоқпыз.
− Театр өнерінің болашағы туралы не айтар едіңіз?
− Алғаш телевизия шыққанда «Енді театр болмайды, оныңкүні бітті» деген әңгімелері айтылды. Содан бері де қаншамажыл өтті, ешнәрсе де өзгерген жоқ. Қайта, театр өнеріжаңаша дамып, түрленіп барады. Өмірдің шынайы көрінісінсахнадан жақын көресіз. Сондықтан да театр өлмейді, олмәңгілік өмір сүреді. Театрсыз өмірдің де мәні жоқ.
Айта кетейік, спектакль соңында Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов Өзбек ұлттық академиялықдрама театрының ұжымын арнайы дипломмен марапаттады.
Әңгімелескен Азамат ЕСЕНЖОЛ,
«Egemen Qazaqstan»