Ақтөбе шекара отрядына қарасты «Әлімбет авто» бекетінің бақылаушылары жалпы құны миллион теңге шамасында болатын контрабандалық жүкті анықтады.
Ақтөбе шекара отрядына қарасты «Әлімбет авто» бекетінің бақылаушылары жалпы құны миллион теңге шамасында болатын контрабандалық жүкті анықтады.
Нақтырақ айтқанда, салмағы 3000 литрдей болатын «Кристалл» арағын «Фотон» машинасына тиеп алған 27 жастағы қазақстандық азамат көршілес Ресейге заңсыз өтуге талпыныс жасады. Тексере келгенде, ол азаматтың алкогольді өнімдерді алып жүруге қажетті рұқсат қағаздары болмай шықты.
Аталған дерек бойынша Ақтөбе қаласының қаржы полициясы хабарландырылып, тергеу амалдары жүргізілуде, деп хабарлады ҚР ҰҚК ШҚ-ның баспасөз қызметі.