Nur Otan партиясының Партиялық бақылау комитеті Еңбек және Ұлттық экономика министрліктерінің «Еңбек» бағдарламасы аясындағы жұмысын қанағаттанарлықсыз деп таныды.

Жұмыспен қамтудың жалған фактілері, жұмыспен қамту орталықтарының есебіндегі айла-шарғылар, бюджеттік несиелерді мақсатсыз пайдалану және «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасының орындалу мәселелері Nur Otan-ның Партиялық бақылау комитетінің кезекті отырысында талқыланды.
Комитет мүшесі, Мәжіліс депутаты Әлия Әбсеметованың айтуынша, «Еңбек» бағдарламасын іске асыру үшін кейінгі 4 жылда республикалық бюджеттен 600 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлінген. Алайда бағдарламаның нысаналы индикаторлары бір-біріне ұқсап қана қоймай, көбінесе бірін-бірі қайталайтын болып шықты. Бұл – қазына қаржысы босқа шашылып жатыр деген сөз.
Сонымен қатар Партиялық бақылау комитетінің мүшелері азаматтарды жұмысқа тек қағаз жүзінде қабылдау фактілерін анықтады. 2019 жылы 118,8 мың азаматтың жұмыспен жалған қамтылғаны әшкереленген. Яғни мұндай көзбояушылық тұрақты жұмысқа орналасқандардың жалпы санының 31пайызына дейін жеткендігі дабыл қағарлықтай.
«Мәселен, жұмыс берушілер өз қызметкерлерін жұмыстан шығарып, оларды жұмыспен қамту орталықтары арқылы әлеуметтік жұмыс орындарына қайта жұмысқа алады. Нәтижесінде, адамдар бұрынғыша жұмыс істей береді, бірақ мемлекет олардың табысының 35 пайызын субсидиялайды. Осылайша, жұмыс берушілер өз шығындарын мемлекет есебінен жауып отыр», деді Әлия Әбсеметова.
Жаппай кәсіпкерлікті дамытуда да жағдай оңып тұрған жоқ. Партиялық бақылау комитетінің ақпараты бойынша, прокуратура органдары 1,3 млрд теңгенің несиесі негізсіз берілген 341 фактіні, жалпы сомасы 555,3 млн. теңгені құрайтын бюджеттік несие мақсатсыз пайдаланылған 180 фактіні анықтаған.
«Кәсіпкерлікпен айналысамын дегендердің басым бөлігі бюджеттік несие алғаннан кейін бірден өз қызметін тоқтатады. Сөйтіп, тиісті бақылаудың болмауы салдарынан адамдар бюджеттік несие есебінен басқа банктердегі қарыздарын жауып, үй мен көлік сатып алады», деді Әлия Әбсеметова.
«Еңбек» бағдарламасы аясындағы жастар тәжірибесінің тиімділігі де мардымсыз. Мамандық бойынша бюджет есебінен оқытылғандардың жалпы санының 25 пайызы ғана жұмысқа орналасады.
Партиялық бақылау комитетінің төрағасы, Мәжіліс депутаты Артур Платоновтың айтуынша, жұмыспен қамту сияқты маңызды салада жауапсыздық пен бюрократизм фактілерінің санына жете алмайсың.
«Осы салаға жауапты орталық және жергілікті билік органдарының лауазымды тұлғалары көбіне көрсеткіштердің соңына түсіп, нақты ахуалдың өздері әдемілеп «бояған» есептерден айырмашылығы көп екенін байқамайды», деді Артур Платонов.
Өз кезегінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов кейінгі 4 жылда «Еңбек» бағдарламасы аясында тұрақты жұмысқа 1,4 миллионнан астам адам орналастырылғанын, бейресми жұмыспен қамтылғандар саны 400 мың адамға қысқарғанын, ал жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайыз деңгейінде сақталғанын хабарлады. Сондай-ақ ол мемлекеттік бағдарламаны жетілдіру бойынша атқарылып жатқан шаралар туралы айтып берді.
«Жұмыспен қамтудың жалған фактілерімен күресу үшін осы жылдың мамыр айынан бастап жұмыссыз ретінде тіркелу, бюджеттік несие алуға өтінім беру және өзге де қызметтер электронды еңбек биржасы арқылы онлайн форматта көрсетіледі», деді министр.
Отырыс қорытындысы бойынша Партиялық бақылау комитеті Еңбек министрлігі мен Ұлттық экономика министрлігінің «Еңбек» бағдарламасын жүзеге асыру аясындағы жұмысын қанағаттанарлықсыз деп тануға қаулы етті. Еңбек вице-министрі Ержан Біржановты «ескерту» түріндегі партиялық жауапкершілікке тарту, ал Қарағанды және Түркістан облыстарының Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының басшылары Әсем Жүніспекова мен Әсия Темірбаеваға «ескертпе» түріндегі партиялық жаза қолдану ұсынылды.
Бұған қоса, Партиялық бақылау комитеті Еңбек және Ұлттық экономика министрліктеріне жұмыспен қамту бағдарламасын бағалау әдістемесін әзірлеп, оны сарапшылық және ғылыми ортада талқылауды, сондай-ақ жыл сайын бағдарламаны жүзеге асыру нәтижелерінің ашық қолжетімді көздерде жариялануын қамтамасыз етуді ұсынды.
Терезеден құламасын сәбилер...
Қоғам • Кеше
Қазақстан • Кеше
Адам құқығын қорғаудағы жаңа белес
Референдум-2022 • Кеше
Саяси реформалар ел көкжиегінің кеңеюіне бастайды
Референдум-2022 • Кеше
Мүгедек адамдарға қажетті жағдай жасалады
Референдум-2022 • Кеше
Бюрократияның өзегінде безбүйректік жатыр
Қазақстан • Кеше
Сайлау: Үміткерлердің уәдесі қандай?
Әлем • Кеше
Әлеуметтік желі қасіреттің ортасына айналып барады
Қоғам • Кеше
Сәбидің саулығы – ұлттың байлығы
Медицина • Кеше
Тілтанымымыздың болашағын айқындаған тұлға
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Ғылым • Кеше
Қазақстан • Кеше
Қоғам • Кеше
Әлем чемпионатында бас жүлдесіз қалдық
Спорт • Кеше
Спорт • Кеше
«Музей түні» бағдарламасымен балаларды қуантты
Қоғам • Кеше
Әдебиет • Кеше
Тарих • Кеше
Руханият • Кеше
Қай елдердің азаматтары елімізде кәсіпкерлікпен айналыса алады
Қазақстан • Кеше
Қазақ спортшыларының киімі ХОК мәдени мұрасына енді
Қазақстан • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев отандық бизнес өкілдерімен кездесу өткізді
Президент • Кеше
Арнайы экономикалық аймақтардан бюджетке 170,2 млрд теңге түсті
Экономика • Кеше
Қоғамдық көлікте діни уағыз айтқан әйелге айыппұл салынды
Аймақтар • Кеше
Дағдарыстан шығынсыз шығу керек – Қасым-Жомарт Тоқаев
Президент • Кеше
Мемлекет басшысы: Қазақстанда рейдерлік болмауы тиіс
Президент • Кеше
Бас прокуратура заңнамаға нақты түзетулер пакетін ұсынатын болды
Қазақстан • Кеше
Бизнес бойынша жер телімін беру жеңілдетіледі
Қазақстан • Кеше
Мәулен Әшімбаев БАӘ елшісіне көңіл айтты
Қазақстан • Кеше
Ыстанбұлда ортақ оқулықтар таныстырылды
Қазақстан • Кеше
Президент Бас прокуратураға алаяқтармен күресті күшейтуді тапсырды
Президент • Кеше
Алматыда Қалқаман станциясының құрылысы басталды
Аймақтар • Кеше
Референдумда әр азаматтың дауысы айрықша рөл атқарады – Президент
Қазақстан • Кеше
Ұқсас жаңалықтар