Өнер • 08 Шілде, 2021

«Үздік анимациялық фильм» атанды

332 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлыбритания астанасы Лондонда үшінші рет өткізілген ECG кинофестивалінің қорытын­дысы жарияланды.

«Үздік анимациялық фильм» атанды

Еуразия елдерінің кино сайысында Ұлы­бри­тания, Ресей, Беларусь, Украина, Өзбекстан, Қыр­­ғызстан, Әзер­байжан, Қа­зақстан, Франция, Пор­тугалия, Қытай және Түркия мем­лекетінен 46 фильм көрсетілді.
Қазақстандық Мақсұт Сәрсембаев пен Мансұр Сәрсембаевтың Hacked Future («Бү­лінген бола­шақ») атты фильмі «Үздік сценарий» аталымы бо­йын­ша жеңімпаз атанды.
Ал Ділшат Рахматулиннің «Қоңыр қаз» (Despair) туындысы «Үздік анимациялық фильм» атан­ды. Тағы бір қазақстандық кинотуынды – Baluan Sholak – құрмет дипломымен марапатталды.