07 Қаңтар, 2014

Есет батыр ел есінде

644 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Халқына қорған, ұлтына ұран болған Тама Есет батыр Көкі­ұлының қазақ елінің тәуелсіздігі жолындағы ерлік істері ұрпақтар жадында мәңгі сақталады. Жоңғар шапқыншылығы кезінде Кіші жүздің қалың қолын басқарып,  қолбасшылығымен танылған батыр бабамыздың 325 жылдығы мерекеленгенде басына сәулеті келісті кесене тұрғызылып, түне­мелік үй салынған-ды.

Халқына қорғанұлтына ұран болған Тама Есет батыр Көкі­ұлының қазақ елінің тәуелсіздігі жолындағы ерлік істері ұрпақтар жадында мәңгі сақталадыЖоңғар шапқыншылығы кезінде Кіші жүздің қалың қолын басқарып,  қолбасшылығымен танылған батыр бабамыздың 325 жылдығы мерекеленгенде басына сәулеті келісті кесене тұрғызылып, түне­мелік үй салынған-ды.Содан бері батырлығымен қоса, әулиелілігіне иісі қазақ бас иген Есет батырдың зиратына тәу етушілер, дертіне шипа іздеп келушілердің легі әсте де үзілген емес. Осыны ескерген облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтің бастамасымен осы жерді тарихи, рухани-мәдени орынға айналдыру қолға алынды. Жақында тама Есет батырдың мемориалдық кешені ашылды. Кешеннің ашылуына кезінде өңірдің экономикалық-әлеуметтік және мәдени-рухани салаларының дамуына үлес қосқан соғыс және еңбек ардагерлері қатысты.

Батырдың мемориалдық ке­ше­нінің салтанатты ашылуында сөз алған өңір басшысы Архи­мед Мұхамбетов Елбасы Нұр­сұлтан Назарбаевтың ұлт­тық тарихымызды түгендеу және мәдени мұраларымызды  ұлық­тауды басты назарда ұстап келе жатқанына тоқтала келіп, жиналғандарды батыр бабамызға арналған мемориалдық кешеннің пайдалануға берілуімен құттықтады.

  Шығыс үлгісінде күмбезделіп салынған мемориалдық кешен  заманауи жабдықталған, алыс-жақыннан келетін қонақтар үшін барлық жағдай жасалған. Кешенде 250 орындық асхана, намазхана, қонақтар үшін жатақхана бар. Осында Есет батырдың мұра­жайы да орналасқан. Қазір осы мұ­ражайды батырға қатысты жә­ді­герлермен, ол өмір сүрген кезең­­нің бірегей экспонаттарымен толықтыру жұмыстары жүргі­зілуде. Мұражайға батыр ба­ба­мыздың бес қаруын қою да ойлас­тырылуда. Кешен құрылысына 144 мил­лион теңге қаржы жұмсалған. Оның басым бөлігі облыстық бюджеттен бөлінгенімен, демеушілер де қаржылай қолдау көрсеткен. Болашақта күре жолдан осында келетін жолды жөндеу, Есет батыр кесенесіне көтерілетін баспалдақтарды кеңейтіп, қалпына келтіру қолға алынатын болды. Мемориалдық кешеннің ашылу рәсімінде Есет батыр бабамызға арналып ас беріліп, құран бағыш­талды. Шараға шақырылған еңбек және соғыс ардагерлеріне облыс әкімінің бағалы сыйлықтары тапсырылды.

Сатыбалды СӘУІРБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Ақтөбе облысы.

Соңғы жаңалықтар