Оқиға • 08 Шілде, 2021

Алматы облысында ер адам бассейнге батып кетті

229 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысында ер адам бассейнге батып қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы облысында ер адам бассейнге батып кетті

Қайғылы жағдай жеке меншік демалыс орындардың бірінде болған.

«7 шілде күні сағат 18:30-да Алматы облысы Ескелді ауданындағы «Тау Жетісу» демалыс аймағындағы бассейнде шамамен 27-30 жас аралығындағы ер адам суға батып кетті.

Денесі бассейннің түбінен, 1.8 метр тереңдіктен табылды. Мүрдені демалыс аймағының жұмысшылары судан шығарды», делінген Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Ведомоство өкілдері азаматтардан судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды.