07 Қаңтар, 2014

Әкім футболшылармен кездесті

280 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов «Ақтөбе» командасының футболшыларын қабылдады. Былтыр ақтөбелік аяқ доп шеберлерінің бесінші рет еліміздің чемпионы болғаны белгілі. Кездесуде сөз алған өңір басшысы Қазақстан футболының жүз жылдығына команда ұжымы лайықты табыстар тарту еткенін атап өтті.

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов «Ақтөбе» командасының футболшыларын қабылдады. Былтыр ақтөбелік аяқ доп шеберлерінің бесінші рет еліміздің чемпионы болғаны белгілі. Кездесуде сөз алған өңір басшысы Қазақстан футболының жүз жылдығына команда ұжымы лайықты табыстар тарту еткенін атап өтті. Ел чемпионы болып, Еуропа лигасында үш кезең ойындарын өткізіп, топтық кезеңге дейін жеткен «Ақтөбе» командасы ойыншыларына босағадан аттаған жаңа жылда осы табысты лайықты жалғастыруды тапсырды. Алдағы футбол маусымына команданың 90 пайыз жасақталғанын, бұл әзірлік ұжымға ұйымшыл да өрнекті ойын көрсетуге мүмкіндік беретініне тоқталды.

Архимед Бегежанұлы әкімдік тарапынан футбол­шыларға барлық жағдай жасалатынын, Қобыланды батыр атындағы орталық стадионның УЕФА талаптарына сай ішінара қайта жарақтан­дырылып, күрделі жөнделетінін жеткізді. Қаржылық және жанкүйерлік қолдаудан да кенделік болмайтынын жасырмады. Команда негізінен бұрын­­­­­ғы ойыншылармен жасақталғанын, жаңадан тағы да екі ойыншы қосылатынын айтты.

Сатыбалды СӘУІРБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Ақтөбе облысы. 

Соңғы жаңалықтар