Елорда • 08 Шілде, 2021

Елордада Әуезов көшесі уақытша жабылады

338 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласындағы Әуезов көшесі көлік қозғалысы үшін ішінара жабылатын болады, деп жазады Egemen.kz

Елордада Әуезов көшесі уақытша жабылады

Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Нұр-Сұлтан қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімімен М.Әуезов және Ж.Омаров көшелерінің қиылысында биіктетілген жаяу жүргіншілер өткелін орнату жұмыстарын бастады. Осыған байланысты 8-9 шілде күндері Абай даңғылынан С.Сейфуллин көшесіне дейінгі аралықтағы Әуезов көшесі көлік қозғалысы үшін ішінара жабылатын болады.

Ал 9-20 шілде аралығында осы учаскеде автокөлік құралдары үшін қозғалыс толығымен жабылады.

«Қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды өтінеміз»,  деп жазылған көлік басқармасының хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар