Қазақстан халқы Ассамблеясы еліміздің барлық православие христиандарын жарқын рухани мереке – Рождествомен шын жүректен құттықтайды!
Қазақстан халқы Ассамблеясы еліміздің барлық православие христиандарын жарқын рухани мереке – Рождествомен шын жүректен құттықтайды!
Рождество – христиандарға ежелден үлкен қуаныш, үміт пен махаббат сыйлап келе жатқан айтулы діни мереке. Қазақстан халқының бай рухани мұрасының ажырамас бөлігіне айналған бұл мереке адамдарды мейірімге, ізгілікке бастап, мұқтаж жандарға көмек қолын созуға шақырады.
Мемлекет басшысы, Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Материалдық құндылықпен салыстыруға келмейтін мәңгілік құндылықтар бар, олар – руханият пен адамгершілік. Бұлар адам үшін ең бастысы және солай болып қала береді», дейді.
Сондықтан да, барлық діндердің тамыры – терең рухани құндылықтар, ғасырлар жылжып өткен сайын, ұрпақтар жалғастығының белгісіндей, қасиетті қазақ жеріндегі адамгершілік пен рухани бірліктің, бейбітшілік пен келісімнің нығаюына берік негіз болып қала бермек.
Мереке күні Қазақстан халқына бейбітшілік, ізгілік, рухтың биіктігін және деннің саулығын тілейміз! Рухани күшіміз артып, ниетіміз тазарсын, ісіміз әділ, оң болсын!
Ниеттеріңіз қабыл болып, жаратушының ізгілігінен, қайырымынан жазсын!
Қазақстан халқы Ассамблеясы.