Әлем • 08 Шілде, 2021

Әлемде коронавирустан 4 млн адам көз жұмды

212 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлемдік қауымдастық вирустың аса қауіпті штамдарының пайда болуына қауіп төндіретін коронавирустың қарқынды таралуын тоқтатуы тиіс. Бұл туралы сәрсенбіде БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлемде коронавирустан 4 млн адам көз жұмды

«Бүгін әлемде COVID-19 пандемиясының аясында тағы бір қайғылы рекорд орнатылды. Осы вирустың салдарынан төрт миллион адам қайтыс болды», деді БҰҰ Бас хатшысы.

«Егер вирус орман өрті сияқты таралса, көптеген миллиондаған адамдарға қауіп төнеді. Ол неғұрлым көп таралса, соғұрлым жұқпалы, өлімге әкелетін және қолданыстағы вакциналардың тиімділігі азайтатын штамдар пайда болады», деді Дүниежүзілік ұйымның басшысы.

Сонымен қатар, Гутерриш жаһандық вакцинация жоспарын жүзеге асыру үшін Төтенше жұмыс тобын құруға шақырды. Бас хатшының ұсынысына сәйкес, оған вакциналар шығаруға мүмкіндігі бар барлық елдер, сондай-ақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, вакциналар жөніндегі жаһандық альянс және тиісті фармацевтикалық компаниялармен және өндірушілермен жұмыс істеуге қабілетті халықаралық қаржы институттары кіруі керек.

 

 

Соңғы жаңалықтар

Бағзыдан жеткен балбал тас

Жәдігер • Бүгін, 09:00

Шашубайдың тамы

Әдебиет • Бүгін, 08:55

Халық мұғалімі

Зерде • Бүгін, 08:52

Парасат биігіндегі ғұмыр

Тұлға • Бүгін, 08:50

«Айқаптағы» Мағжан өлеңдері

Әдебиет • Бүгін, 08:48

Сөз сайысындағы сатира

Мирас • Бүгін, 08:45

Қылқаламдағы қала тынысы

Көрме • Бүгін, 08:43

Құқықтық сауатты арттыратын алаң

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 08:40

Үш айда 32 адам қаза тапты

Қоғам • Бүгін, 08:25