Түркістан облысы сайлау комиссиясының төрағасы Әлібек Өмірәлиевтің айтуынша, ағымдағы жылдың 25 шілдесінде алдымен 60 ауыл округінің тұрғындары өз таңдауларын жасайтын болады.
Бүгінгі күнге дейін 230 ауыл әкімдігіне үміткер азаматтар тіркеліп үлгерген. Оның 76-сы тіркелген саяси партиялардың ұсынған үміткерлері болса, 154-і өз-өзін ұсынған азаматтар.
Саяси партиялар мен жеке азаматтардың өзін-өзі ұсынуы бойынша үміткерлердің тіркелуі 14 шілдеге дейін жалғасатын болады.