07 Қаңтар, 2014

«Монтессоридің» «сенсорлық» балалары...

446 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Өндірісті өңірде бұл күндері 50 мектеп болса, оның 21-і қазақ тілінде білім береді.

Өндірісті өңірде бұл күндері 50 мектеп болса, оның 21-і қазақ тілінде білім береді.

25 балабақша бар. Осы жылы 1933 сәби дүниеге келіпті. Жуыр­да ғана қалада күрделі «Ақбота» балалар бақшасы ашылды. Оған қалалық бюджеттен 70 миллион теңгедей қаражат бөлініпті. Бала­бақша меңгерушісі Люд­мила Лабудьконың айтуынша, 13 топта, қазақ және орыс тіл­де­рінде  тәрбиеленетін 320 бала бар. Балалар бақшасында  «Монтессори» және «сенсорика» атты педагогикалық технология үлгілері қолданылмақ. Біздің еліміздегі басқа бағдарламалардан ерекшелігі, сәбилерді өзін-өзі дамытуға, өздерінің қалаған іс­­терімен айналысуға және әлем­ді өз құлшынысымен тану­ға мүмкіндік береді. Яғни Мон­тес­сори педагогикасы  ХХ ғасырдың бірінші жартысында 1909 жылы италиялық педагог Мария Мон­тессори тарапынан жасалған тәрбиелеу жүйесі көрінеді. Бұл әдістеме әрбір тәрбиеленушіге деген дара тәсілдемеге негізделген. Балалар дидактикалық материалдар мен сабақ ұзақтығын әрдайым өздері таңдай отырып, өзіндік ойлау, өзіндік еркін бағытта дамиды. Сенсорлық балалар дегеніміз –  өз ісіне өзі сүйсініп, өзін-өзі тану.

Екібастұзда елімізде қабыл­данған «Балапан» бағдарламасын іске асыру аясында балаларды балабақшамен  қамтамасыз ету 95,5 пайызды құрап отыр. Жаңа балабақшаға Мария Мон­тессоридің үлгісімен тәрбиеленетін «Ақботаның» сенсорлық балаларына спорттық модульге арналған сертификат табысталды. Кімнің педагогикасын оқыса да  қазақтың ұлттық танымдық тәрбиесіне жетпейтінін кеш түсініп қалмасақ болды...

Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Екібастұз.

Соңғы жаңалықтар

Атырауда үшем дүниеге келді

Аймақтар • Бүгін, 16:42