07 Қаңтар, 2014

270 пәтер кілті берілді

253 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Өткен жыл Жетісу жері үшін жетістікке толы жыл болды. Адам өмірін қуанышымен, шаттығымен гүлдендіретін баспана мәселесі Алматы облысында мемлекеттік саясатқа сай оң шешімін табуда. Тек  Талдықорған қаласында жылан жылы  барлығы 270 пәтерден тұратын 6 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді.

Өткен жыл Жетісу жері үшін жетістікке толы жыл болды. Адам өмірін қуанышымен, шаттығымен гүлдендіретін баспана мәселесі Алматы облысында мемлекеттік саясатқа сай оң шешімін табуда. Тек  Талдықорған қаласында жылан жылы  барлығы 270 пәтерден тұратын 6 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. «Қолжетімді тұрғын үй-2020» мемлекеттік бағдарламасы, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» бағдарламасы аясында салынып,  коммуналдық,  несиелік болып бөлінетін баспаналар негізінен  әлеуметтік жағынан аз қамтамасыз етілген отбасыларына, ҰОС және еңбек ардагерлеріне, Ауған соғысына қатысушыларға, мүгедектерге, әскерилер мен полицейлерге және бюджеттік сала қызметкерлеріне бөлінді. Ал өткен жылдың соңғы күні  кілті тапсырылған 60 пәтер   әлеуметтік жағынан аз қамтамасыз етілген отбасыларын,  нақтылай түссек, 2 жыл заңды некеде тұрған 29 жасқа дейінгі жас отбасын баспаналы болу бақытына бөледі. Балаларын жетелеп, басым бөлігі көтеріп әкелген сол жастарға Алматы облысының әкімі Аңсар Мұсаханов  пәтер кілтін тапсырумен шектелмей,  бүлдіршіндеріне  жаңа жылдық сыйлық ретінде қорабымен  сан алуан конфеттер үлестіріп,  шадыман-шаттық сыйлады. Мұндайда қазақ «Қуанса – бала қуансын» деп дөп басып айтқан ғой. Шыңылтыр аязды елемеген балалар күлкісі көңілдерге қуаныш  нұрын құйды.

Нұрбол ӘЛДІБАЕВ,

«Егемен Қазақстан».

Алматы облысы.

 

Соңғы жаңалықтар

Атырауда үшем дүниеге келді

Аймақтар • Бүгін, 16:42