07 Қаңтар, 2014

Рождество мерекесімен құттықтады

293 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назар­баев қазақстандық­тар­ды Рождество мерекесімен құттықтады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назар­баев қазақстандық­тар­ды Рождество мерекесімен құттықтады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Православие христиандарын және барша қазақстандықтарды шуақты мереке – Рождествомен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке көптеген ғасырлар бойы адамдардың жүрегін ең жарқын сезімдерге – жақыныңа деген сүйіспеншілік пен мейірімге толтырып, үнемі бейбітшілік пен жақсылыққа, ізгі ниет пен игі істерге жетелеп келеді. Бұл мәңгілік рухани құндылықтар барлық діндердің өкілдерін біріктіреді. Олар Қазақстанның бүкіл жетістіктері мен дамуының берік негізі болып саналады, делінген Президенттің құт­тықтауында.

Мемлекет басшысы, сондай-ақ, болашаққа бағыт ұстаған еліміздің қайталанбас келбетін қалыптастыра отырып, түрлі мәде­ниеттер мен салт-дәстүрлер бір-бірін байытып жатқан біздің қоғамның күші бейбітшілік пен келісім іргетасына табан тірейтінін атап көрсетеді. Қазақстан барлық этностардың өзіндік жарқын болмысы мен бекем бірлігі арасындағы үйлесімділікті сақтап, әлеуметтік-экономикалық дамуды нығайта отырып, қарыштап алға басып келеді, дейді өзінің құттықтауында Президент.

Рождествоны мерекелеу із­гілікпен және игі істермен байла­нысты. Бұл өзара көмек дәс­түрі мен өзара сый-құрметті әр­дайым басты орынға қоятын барша халқымыз үшін маңызды. Тәуелсіздіктің алғашқы күн­дерінен бастап толеранттылық пен конфессияаралық үнқатысу Қазақстанның негізгі басымдығы болып келеді. Біз православиені ұстанатын отандастарымыздың ортақ Отанымыз – Қазақстан Республикасының әлеуметтік, экономикалық және рухани дамуына қосқан үлесін жоғары бағалаймыз, делінген Президенттің құттықтауында.

Мемлекет басшысы құттық­тауы­ның соңында осы ізгі мерекеде баршаға татулық пен сүйіспеншілік, бақыт, игілік пен бақ-береке тілейді.

Соңғы жаңалықтар

Атырауда үшем дүниеге келді

Аймақтар • Бүгін, 16:42