Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, инфекциялық стационарлардағы жансақтау бөлімінде 43 науқас түскен.
«Өңірдегі инфекцияық стационарларда 642 адам ем қабылдауда. Жүктеме –26,4%. Ал, жансақтау бөлімінде 43 пациент жатыр. Оның 4-еуі өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Жансақтау бөліміндегі жүктеме 39,8% құрайды» деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.