07 Қаңтар, 2014

Талапты күшейту қажет

261 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аймағымызда тұрғын үй-ком­муналдық шаруашылығын жаң­ғырту шарасы жүргізіле бас­тағанына қуанып қалған едік. Мәселен, бұл бағдарлама бойынша үйлерді жөндеуге жергілікті бюджеттен қаражат бөлінуі қарастырылуы, оның бір бөлігін тұрғындар толтыруы мәселені шешуге септік етеріне сенгенбіз.

Аймағымызда тұрғын үй-ком­муналдық шаруашылығын жаң­ғырту шарасы жүргізіле бас­тағанына қуанып қалған едік. Мәселен, бұл бағдарлама бойынша үйлерді жөндеуге жергілікті бюджеттен қаражат бөлінуі қарастырылуы, оның бір бөлігін тұрғындар толтыруы мәселені шешуге септік етеріне сенгенбіз.  Қанша айтқанмен, сенім азайған ПИК-терден гөрі әкімдіктердің бақылауы арқылы тапсырысты нақты орындаушылардың іске тартылуы оң өзгеріс көрінген. Алайда, қадағалау қатаң болмайынша мұнда да шала-шарпы жұмыстар, пайдакүнемдік орын алғандығын былтыр қаламыздағы Жамбыл көшесі бойындағы  67-үйге кең кө­лемді жөндеу жұмыстары жүр­гізілу барысында байқалып қалды. Сол үшін бөлінген 40 миллион теңгенің шындығын айтқанда, үйдің барлық жағынан жаңаруына пайдасы шамалы болды. Оның қалалық әкімдікке қараған жағының ғана сырты әдемі материалмен қапталып, жарқыраса, сырт көзге түсіңкіремейтін тұс­тары сол қалпында қалды. Ең өкініштісі, жертөле, жылу, ауыз­су құбырлары толық тазар­ты­л­май, сапалы жөнделмеген қал­пын­да қалды. Мұндай шалағай істер 1 а шағын ауданындағы 16 және 17-үйлерде де орын алды. Білуімізше, 2016 жылға дейін облыс қалаларында 544 үй жо­ғарыдағы бағдарлама бойынша жаңарған қалыпқа келтірілмек кө­рінеді. Сондықтан оны іске асы­рушыларға талапты күшейту қажет.

Александр Ширянкин,

Саран қаласының тұрғыны.

Қарағанды облысы.

Соңғы жаңалықтар

Атырауда үшем дүниеге келді

Аймақтар • Бүгін, 16:42