Ол өткен жылы осы оқу орнын аяқтаған. Сол кезден бері ММГ-АК74М Калашников автоматының үлгісі қай жерде сақталғанын жақсы білген.
«Арманын орындау үшін ер адам кеңсенің құлпын бұзып, Калашниковты алып кеткен. Бірақ оның селфи жасау жайлы ойы іске асқан жоқ», деп мәлімдеді Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Мұғалімдер тез арада полицияға хабар беріп үлгерген. Денисов полиция бөлімінің полиция қызметкерлері ұрыны ұстап, мектепке қарудың муляжын қайтарып берді.
Ұрлықшы Қазақстан Республикасының № 291 Қылмыстық кодексiне сәйкес атыс қаруын, оларға арналған компоненттерді, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды немесе жарылғыш құрылғыларды ұрлау немесе қорқытып алу бабына сәйкес жазалануы мүмкін.