07 Қаңтар, 2014

Қазақстан аймақтарында ашық аязды ауа райы сақталады

380 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

07 01-morozҚазақстан аумағының басым бөлігінде аязды ашық ауа райы қалпы сақталып қалады. Бұл туралы Ras. kz хабарлады.

Республиканың батысы мен солтүстік-батысында кей жерлерде қар жауып, бұрқасын тұрып, желдің екпіні күшейеді, тағы бір жерлерде тұман түседі. Қостанай облысында таңертең және күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, бұрқасын соғады, түнде және азанда кей жерлерде тұман түседі.

Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарында кей жерлерде тұман түседі, күндіз Шығыс Қазақстан облысында, түнде Жамбыл облысында 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында аздаған бұрқасынмен бірге секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел тұрады.

Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстарын тұман тұмшалайды. Астанада сейсенбі күні көшпелі бұл шығып, оңтүстік батыстан секундына 9-14 метр жылдамдықпен жел соғады. Қар жаумайды. Ауаның температурасы күндіз 16-18, түнде 24-26 градус болады. Алматыда көшпелі бұлт шығады, қар жаумайды, желдің екпіні 5 метр болады, сынап бағанасы күндіз 8-10, түнде 18-20 градустық суықтықты көрсетеді.

Садық Сапар.

Дереккөз: Ras. kz

Фото: Newskaz. ru

Соңғы жаңалықтар