07 Қаңтар, 2014

Испания королінің қызы сот алдында жауапқа тартылмақ

300 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

08 01 - Kristina Mariya

Испания королі Хуан Карлос I-нің қызы Кристина Марияға заңсыз жолмен табылған ақшаларды аудару мен салық құқығын бұзу әрекеттері бойынша айып тағылып отыр. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.

Кристина Мария 8 наурызда өтетін тергеуге шақырылды. Испания сот органдарының мәліметі бойынша, мұндай шешімді корольдің күйеу баласы Иньяки Урдангаринның қылмыстық ісі бойынша тергеу жүргізіп жатқан Белеар аралдары сот палатасының судьясы Хосе Кастро қабылдаған.

Хосе Кастро Кристина Марияның түрлі жобаларды іске асыру үшін «Ноос» институтына бөлінген мемлекеттік қаржыны аудару мақсатында «Айзоон» компаниясының шоттарын қолданғаны дәлелденіп отырғанын алға тартты. Ал мемлекеттік қаражат бөлінген «Носс» институтын оның күйеуі Иньяки Урдангарин басқарған. Сондай-ақ ерлі-зайыптылар ақша аударуға пайдаланылған «Айзоон» компаниясының да иелері болып шыққан көрінеді.

Егер Кристина Марияның кінәсі дәлелденетін болса, ол 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Айдар Өрісбаев.

Дереккөз: Itar-tass.com

Фото: Itar-tass.com

Соңғы жаңалықтар