08 Қаңтар, 2014

Жауапсыздық

460 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Еңбек қатынастарындағы ағаттықтар, еңбек қауіпсіздігінің сақталмауы, шетелдік және жергілікті жұмысшылар арасындағы еңбекақы бойынша айырмашылықтардың болуы қашанда әлеуметтік шиеленістің ушығуына соқтыратыны белгілі. Оны күні кешегі Жаңаөзен оқиғасының өзінен аңғаруға болады. Міне, жергілікті биліктің бұл мәселені басты назарда ұстауы да сондықтан. Осы және басқа мәселелер облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтің төрағалық етуімен өткен кеңесте кеңінен сөз болды.

Еңбек қатынастарындағы ағаттықтар, еңбек қауіпсіздігінің сақталмауы, шетелдік және жергілікті жұмысшылар арасындағы еңбекақы бойынша айырмашылықтардың болуы қашанда әлеуметтік шиеленістің ушығуына соқтыратыны белгілі. Оны күні кешегі Жаңаөзен оқиғасының өзінен аңғаруға болады. Міне, жергілікті биліктің бұл мәселені басты назарда ұстауы да сондықтан. Осы және басқа мәселелер облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтің төрағалық етуімен өткен кеңесте кеңінен сөз болды.

Аймақ басшысы облыс өңі­рін­дегі еңбек қатынастары сала­сындағы жағдайдың жергілікті атқарушы органдардың тікелей бақылауында екенін, осы нәзік саладағы орын алған проблемалық мәселелерге байланысты кәсіп­орындардың басшыларының есеп­тері тыңдалатынын, алайда, бірқатар атқарылған жұмыстарға қарамастан, жекелеген тәртіп бұзушылықтар әлі де орын алып отыр­ғанына алаңдаушылық біл­дірді. Ол негізінен қызметкерлердің еңбекақы берешектеріне қа­тыс­ты болып отыр. Сондай-ақ, мем­лекеттік еңбек инспекциясы жүр­гізген кәсіпорындардағы тексерулерде анықталған өндірістегі ауыр жарақат, тіпті өліммен аяқталған ауыр жағдайлар, сондай-ақ еңбекақы жөніндегі қарыздар, шетелдік компаниялардағы еңбек­ақы төлеудегі сәйкессіздіктер то­лық жойылды деуге болмайды.

Ақтөбе облысының еңбек инс­­пекциясы жөніндегі басқар­ма­сының басшысы Марат Ғаби­дул­линнің мәлімдеуінше, облыс­тағы 20 ірі кәсіпорында жұмыс­шы-қызметкерлердің ауыр жарақат, тіпті қаза болуы­мен аяқ­­талған оқиғалар орын ал­ған. Мұндай кәсіпорындардың қата­­­рында «Қазақстан темір жолы» акционерлік қоғамының Қан­дыағаш жол дистанциясы, «Сағыз Петролеум», «Ұлы қабырға» Қазақстан-Қытай бұрғылау компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері бар.

 Басқарма басшысы адамдар­дың ауыр жарақат алуына және өліміне соқтыратын оқиғалардың өткен жылға қарағанда, биыл облыста 30 пайыз төмендегенін жеткізді. Дегенмен, мұндай жағдайлардың әлі де аз емес екеніне нақты деректер келтірді. Жыл ішінде 16 адам қазаға ұшыраған. Өткен жылдың ақпан айында «Қазақстан темір жолы» акционерлік қоғамы Қандыағаш жол дистанциясында бірнеше адамның бақытсыздық жағдайға ұшырауы орын алды. Еңбек ұйымдастыруда жіберілген қателіктерден локомотив жұмыс­керлерді басып өтіп, үш жол жөн­деуші сол жерде қаза болса, бір адам ауыр жарақат алды. Басқарма басшысы басқарған арнаулы тексеру комиссиясының талабы бойынша шара алынып, филиал директоры Ш.Құрманбаев, учаске бастығы Н.Ешмағанбетов, директордың орынбасары Н.Елтезеров жұ­мыс­тарынан босатылып, бас ин­женер Н. Орысбаевқа қатаң сө­гіс жарияланған. Ұжымдық шарт­қа сәйкес зардап шеккен отбасыларына материалдық жәрдем көрсетілген. Теміржолшылардың қайырымдылық қорынан зардап шеккен отбасыларының әр­қайысына 34, 28, 19 млн. теңгеден қаржы бөлінген. Сондай-ақ, қаза болғандардың отбасыларына асырауындағы адамдардың санына қарай сақтандыру компаниясынан ай сайын қаржы төленетін болды.

«Сағыз Петролеум» жау­ап­кершілігі шектеулі серіктестігінде 2 қызметкерді ажал құштырған оқиға да өндірістегі еңбекті ұйым­дастырудағы берекесіздіктен, қызметкерлердің қауіпсіздік техникасын сақтамауынан болған. Вахталық кентте жұмысшылар тех­никалық су сақталған 25 текше метрлік ыдысқа өздерімен бірге өрт сөндіретін құрылғыны түсіреді, оны ыдыстағы суды айдау үшін іске қосады, ақырында газдан уланып өледі. Бұған кінәлі жауапты адамдар әкімшілік жазаға тартылды. Қазаға ұшыраған Н.Ниязбековтің отбасына 6 млн. 800 мың теңге, А.Тілеужановтың отбасына 8 млн. 275 мың тең­ге қаржы бөлінді. Жерлеу шығын­дары түгелдей жұмыс берушінің қаржысы есебінен төленді.

Өткен жылдың сәуір және қыркүйек айларында «Ұлы қабырға» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде өліммен аяқталған екі оқиға орын алды. Біреуінде жұмысшы темір пісіру кезінде қаза болса, екіншісінде вагон жөндеу кезінде араға кесілді. Бұл адамдар дәнекерлеу агрегаты мен кескіш құралына мүлде қатысы жоқ, бұл кәсіпті мүлде білмейтін мамандар болып шықты. Бірінші жағдай бойынша әкімшіліктің жауапты 8 қызметкері тәртіптік жазаға тартылды. Еңбек шартының талабына сәйкес қаза болған А.Исматуллаевтың отбасына 4 млн. теңге бөлініп, сақтандыру компаниясынан 1,5 млн. теңге көлемінде біржолғы қаржы төленді, жұмыс берушінің есебінен шығындар өтелді. Екінші оқиға бойынша 9 басқарушы қызметкер тәртіптік жазаға тартылды. Қазаға ұшыраған Е. Омаровтың отбасына ұжымдық шарт бойынша 2 млн. 500 мың теңге төленіп, жерлеу шығындары компанияның есебінен атқарылды.

Сондай-ақ, «СНПС-Ақтөбе­мұнайгаз» филиалдарында және мердігерлік мекемелерінде, «Ақ­төбе мұнай сервис», «Ақтөбе көлік компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Жаңажол газ өңдеу зауыты, «Востокнефть және сервистік қызмет көрсету» жауапкершілігі шектеулі серік­тес­тіктерінде бір-бірден кісі өлі­мімен аяқталған оқиғалар орын алды. Барлық қызметкерлер тәр­тіптік жазаға тартылды. Қа­за болғандардың отбасыларына ұжымдық шартқа сәйкес мате­риалдық шығын төленді. Адам өлімімен аяқталған оқиғалардың тергеу материалдары қылмыстық іс қозғау үшін құқық қорғау органдарына берілген.

 Өндірістік нысандарды еңбек шарттары жөніндегі аттестациядан өткізу көптеген кәсіпорындарда әншейін көз алдау үшін жүр­гізі­летіні белгілі болды. Тек үсті­міз­дегі жылдың басынан еңбек инспекторлары арқылы 137,6 млн. теңгеден астам еңбекақыға қатысты қарыздарды анықтап, қабылданған шараларының нәтижесінде еңбекақы жөніндегі бұл қарыздар толық өтелген. Алайда, еңбекақы төлеуде созылып жүрген қарыздар «ВитаДорстрой» жауапкершілігі шектеулі серік­тестігі, «Мартуксервис», «Көк­жар» мемлекеттік коммуналдық кәсіп­­орындары және басқа меке­ме­лерде әлі де бар көрінеді. Са­лық департаментінің деректері бой­­­ынша еңбекақы жөніндегі ағым­дағы қарыз «Техком-С», «ОйлТехноГрупп», «Стройтекс ЛТД», «Строительная инициа­тива», «Ақтөбе НГС», «Бе­рен и СК» жауапкершілігі шек­теу­лі серіктестіктерінде, «Актюб­граж­данпроект» өндірістік коопе­ра­ти­вінде, «Өрт сөндіруші» акцио­нер­лік қоғамында күні бүгінге дейін сақталып отыр.

Сатыбалды СӘУІРБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Ақтөбе облысы.

 

Соңғы жаңалықтар