08 Қаңтар, 2014

Бұл әр адамның өзіне байланысты

346 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Ауылда да, қалада да әлеу­меттік теңсіздіктің етек жайған­дығы соншалық, сол елдің ішіндегі аттөбеліндей әлеуетті жандар – байлар, ал тұрмысы ортадан төмен жандар кедейлер болып бөлінген. Оған ет-құлағымыз үйреніп те қалған тәрізді. Дәл осы жолдарды ақ қағазға түсірер алдында ел ішінде жоғарыда айтылған мәселеге орай сауалнама жүргізген едік.

Ауылда да, қалада да әлеу­меттік теңсіздіктің етек жайған­дығы соншалық, сол елдің ішіндегі аттөбеліндей әлеуетті жандар – байлар, ал тұрмысы ортадан төмен жандар кедейлер болып бөлінген. Оған ет-құлағымыз үйреніп те қалған тәрізді. Дәл осы жолдарды ақ қағазға түсірер алдында ел ішінде жоғарыда айтылған мәселеге орай сауалнама жүргізген едік.Қойылған сұрақ көкейлеріндегі көптеген келеңсіздікті дөп басқанымен халықтың басым бөлігі нақты аты-жөндерін айтудан бас тартты. Неге? Өйткені, өздерін коммерсантпыз деп таныстырған жандардың дені банктерден несие алып, қаладан арзан бағаға тұтастай азық-түлік пен өнеркәсіптік заттарды сатып алып, ауылға апарып саудаларын жасап жүр. Рас, біраз адам түрлі сала бойынша жетіспеушіліктерді тізбелеп, аты-жөндерін ашық айтты. Әйткенмен, олар қалай да көрініп қалғысы келетін тұрақсыз, яғни өзіндік ұстанымы жоқ топқа жатары хақ.

Тұтастай алғанда, Алматы об­лысында «Жұмыспен қамту­дың жол картасы-2020» бағдар­ла­масын іске асыру барысы туралы мәліметке жүгінсек, соңғы үш жылда республикалық бюджеттен 15,3 млрд. теңге, ал об­лыс­тық бюджеттен 664,6 млн. теңге бөлініп, сол қаражатты пай­да­лану барысында 17 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған. Нақ­ты­лай түссек, бірінші бағыт бойын­ша ауылдық елді мекендерді дамытуға республикалық бюджет­тен 2012 жылы 1,2 млрд. теңге, ағымдағы жылы 8,4 млрд. тең­ге бөлініп, былтырғы жылы 26 жоба іске асырылса, биыл жо­балар саны 117-ге жеткен. Инфра­құ­рылымдық жобаларда 2912 адам жұмыспен қамтылса, оның ішінде 1285 адам жұмыспен қамту орталықтарының ықпал етуімен орналасқан. Екінші бағыт бойынша кәсіпкерлікті дамытуға 2011-2013 жылдары – 2157,2 млн.теңге, оның ішінде шағын несие беруге 2135 млн. теңге,  кәсіпкер­лік негіздерін оқытуға 22,2 млн.­ теңге қарастырылған. Бағ­дар­ла­ма іс жүзіне асқан кезеңде 812 жеке тұлғаға және құрамында 151 мүшесі бар 8 не­сие­лік­ серік­тестікке шағын несие берілген. Үшінші бағыт бойын­ша кәсіптік оқытумен 7,1 мың адам қамтылып, соның 78,5%-ы­ жұ­мысқа орналас­ты­рылған. Әлеу­меттік жұмыс орындарына 2,2 мың адам, жас­тар тәжірибесіне 1,9 мың түлек жіберілген. Уақытша жұмыс істеу тәжірибесінен өту мерзімі аяқталған соң, тұрақты жұмысқа 1,9 мың адам орналастырылған. Аталған бағыт бойынша 2012 жылы облыстың 3 елді мекенінде 53 қызметтік үй (50 жеке және 3 көп қабатты) салынып, пай­далануға берілген. Қызметтік тұрғын үйлерге бағдарлама аясында жұмыспен қамтамасыз етілген, яғни еңбекке қабілетті – 310, барлығы 630 адамы бар 150 отбасы қоныс аударған. Еңбекке қабілетті адамдардың ішінен бүгінгі күнге 259 адам жұмыс істесе, 51 әйел бала күтіміне, денсаулығына байланысты уақытша еңбекке жарамсыз деп танылған. Қоныс аударған отбасыларға 8 млн.теңге көлемінде субсидия төленгені тағы бар. Бағдарламаның іске асырылуы еңбек рыногының тұрақтануына және жұмыссыздық деңгейінің төмендеуіне ықпал еткен. 2011 жылы жұмыссыздық деңгейі 5,6 пайызды құраған болса, 2012 жылдың қорытындысы бойынша сол көрсеткіш 5 пайызға дейін азайған.

Сөзіміз дәлелді болуы үшін Алматы облысы бойынша статистика департаментінен алған мәліметтерді келтірсек, ағымдағы жылдың 10 айында облыс бойынша орташа айлық еңбекақы 80158 теңге болды. Ал өндіріс орындары көптеп ашылған әрі еліміздегі ең ірі мегаполис – Алматы қаласының іргесінде орналасқан Іле ауданы тұрғындарының орташа айлық еңбекақылары 111622 теңге болса бұл көрсеткіш шалғайдағы Райымбек ауданында 58260 теңге, сондай ақ Сарқан ауданында 62886 теңге болып жалғасады. Негізі мемлекеттік, мемлекеттік емес мекемелерде тұрақты жұмыс орны бар жандар тұрмысы бүгінгі қоғамда ортадан жоғары болып саналады. Құдайға шүкір, зейнеткерлер де қысылып-қымтырылып отырған жоқ. Бірақ айлық жалақылары қалай тартса да қысылтаяңға тіреп, әйтеуір отбасы қажеттілігін толық қамти алмайтын жандар мен барды ұқсата алмай артықтау болса да, ашығын айтсақ, парықсыздығынан арыла алмайтын жандардың айырмасын да екшеген ләзім. Сондай-ақ, бес-алты бас малын өсіре алмай, ұлтарақтай жерін игере алмай, ата-ененің зейнетақысына қарап отыратындармен қатар жүріп, ерінбей еңбек етіп сол еңбектің өтеуін ала білетіндердің арасы жер мен көктей. Бұл жерде айтайын деп отырған ойымыз әлеуметтің әлеуетін қалай көтеру мәселесі болып отыр ғой. Бір тарапты тұқыртып, екінші жақтың айызын қандыра сан дерекке дәйектеме келтіргенімізбен ертең оның нәтижесі қандай болады?

Елбасы «Қазақстан-2050» Стра­тегиясы – қалыптасқан мем­лекет­тің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында «Біздің бас­ты мақсатымыз – әлеумет­тік қауіпсіздік және азамат­та­ры­мыз­дың бақуаттылығы. Бұл – қоғамдағы тұрақтылықтың ең жақсы кепілі», деп нақтылаған. Одан әрі сол бақуатты өмірге жету мәселесіндегі міндеттер мен қадамдарды да тәптіштей ұғындырған. Сондықтан ел болып қолға алған игілікті жұмысқа билік тарапынан дер кезінде нақтылы қолдау табылып жатса, нұр үстіне нұр. Біле-білсек, бұл міндеттеу емес, елдің бір үні. Сөз реті келгенде айта кетсек, көптеген мәселелер мерзімді басылымдар мен көгілдір экранда жазылып, айтылған сәтінде мемлекеттік саясатқа сай әрекет етіп отырған лауазымды тұлға өзі оқып, көрсе дереу шешімін тауып жатады. Ал, шолақ белсенділер өрелері жеткенше өктемсіп те, көлгірсіп те артын сиырқұйымшақтандырып тындырған болады. Сол аралықта сабылған қарапайым жанның көңілі қарадай қалмай қайтеді. Сондықтан, әлеуметтің әлеуетін арттырудың негізгі түйіні атқару­шы биліктің қолында деуге болады. Ең бастысы, қазақтың «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей», «Кісідегінің кілті аспанда» деген сөздерін жадына түйіп, қандай да бір жұмыс болмасын барлығының оң шешімін табуы әуелі әр адамның өзіне байланыс­ты екенін ұмытпаған дұрыс.

Нұрбол ӘЛДІБАЕВ,

«Егемен Қазақстан».

Алматы облысы.

Соңғы жаңалықтар