«Жалған вакцина паспорты қоғам үшін өте қауіпті. Оны жасап жатқандарды қатаң жазаға тарту керек. Бұл Әкімшілік кодекспен қаралады. Тез арада екпе салудың цифрлық картасын жасау керек», деді Мемлекет басшысы.
Қ.Тоқаев пандемиямен күрестің жалғыз жолы вакцинация екенін айтты.
«Азаматтар өзінің және жақындарының денсаулығына жауапты болуы керек. Антиваксерлердің қауесетіне ерудің қажеті жоқ», деді ол.