08 Қаңтар, 2014

Үш бүлдіршіннің ата-анасы қайда?

356 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қаласының тұрғындары көше кезіп жүрген бүлдіршіндерді полицейлерге табыстады. Қазір 9 айлық сәби мен 2 жасар қыз бала ауруханада болса, 3 жасар Керемет кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында жүр. Ата-анасынан кездейсоқ көз жазып қалғандар бір отбасының балалары екен.

Балғындардың айтуы бойынша, анасының есімі – Ақмарал. Ол сауда-саттықпен айналысатын көрінеді. Ал әкесі Ержігіт жөнінде ешнәрсе айтпаған. 2 қаңтарда жоғалып кеткен бұл өскіндерді жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары жария еткенімен, әзірге оларды ешкім іздеп келмепті...

Қалихан ТҰРМАХАНҰЛЫ.

Соңғы жаңалықтар