Аймақтар • 11 Шілде, 2021

Қостанай облысында шекарадан алтын алып өтпек болған әйел ұсталды

298 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

8 шілдеде Қостанай облысындағы «Қайрақ» бекетінде Ресейге 7 алтын құймасын алып өтпек болған ҚР азаматшасы ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz

Қостанай облысында шекарадан алтын алып өтпек болған әйел ұсталды

Шекарашылар барлығы 325 грамм болатын заңсыз тауарды «Рапискан» рентген-телевизиялық аппаратыарқылы анықтаған. Ұсталған әйел қораптың ішінде не бар екенін білмегенін, шекарадан кездейсоқ танысының өтініші бойынша алып өтуге келісім бергенін айтады. Контрабандалық жүкке қатысты іс материалдары мән-жайды анықтау үшін Қостанай облысының экономикалық тергеу департаментіне жіберілді. 

Дәл осы күні аталмыш бекетте «Мая» атты шекарашы иттің көмегімен жалпы салмағы 15 грамм болатын есірткі затын жасырын алып өтпек болған ҚР азаматы ұсталды. Бұл азамат Қарабалық ауданының полиция бөліміне тапсырылды.

«Шекарашылар шетелге сапарға шыққан азаматтарға бейтаныс адамдардың  ішінде белгісіз заттары бар жүктер мен сәлемдемелерді шекарадан алып өту туралы өтінішіне құлақ аспауды ескертеді. Заңмен тыйым салынған немесе шектеу қойылған заттарды шекара арқылы тасымалдаудан бас тартуды ұсынамыз» деп мәлімдеді ҰҚК баспасөз қызметі.

 

Қостанай облысы