Қаламызда, тіпті, елімізде бұрын-соңды кездеспеген оқиға болды. 10 мың АҚШ доллары елімізге танымал «Спартак» командасының ең үздік ойыншысына берілмек.
Қаламызда, тіпті, елімізде бұрын-соңды кездеспеген оқиға болды. 10 мың АҚШ доллары елімізге танымал «Спартак» командасының ең үздік ойыншысына берілмек.Жүлдегер атанудың басты шарты, ойыншы өз командасының патриоты, яғни осы командада үздіксіз 10 жыл бойы тер төккен ойыншы болуы керек. Бұл жағымды жаңалық жайлы қала әкімінің футбол федерациясы қызметкерлерімен кездесуінде жүлде ұсынып отырған «Семей таңы» – «Вести Семей» газеттерінің директор-бас редакторы Риза Молдашева хабарлады. Қала әкімі Айбек Кәрімовтің айтуынша, бұл күнге дейін бірде-бір БАҚ аймақта, тіпті, Қазақстан Республикасы көлемінде спортты қолдау үшін осындай жүлде тағайындап көрмепті. Жүлде «Спартак клубына адалдығы үшін» деп аталады.
«Семей таңы» – «Вести Семей» газеттерінің директор-бас редакторы, қалалық мәслихаттың депутаты Риза Молдашева:
– Футбол федерациясы мен семейлік командаға жаңа жеңістер тілеймін. Бұрын біздің басылымдарымыз тек ақпараттық қолдау көрсетсе, енді біз бір футболиске жүлде ұсынып отырмыз. Ол өз командасының патриоты болуы керек және кем дегенде 10 жыл үздіксіз осы команда сапында ойнаған болуы шарт. Жүлде көлемі – 10 мың АҚШ доллары. Бұл – болашақ жеңімпаздарға, біздің футболшыларға көрсетілген қолдау, құрмет. Аталған бастама дәстүрлі түрде алдағы жылдарда да жалғасын табатын болады, дейді.
Естеріңізде болса, «Спартак» командасы араға тоғыз жыл салып, жоғары лигаға қайта қосылған болатын. Қазақ футболының отаны саналатын Семейде аяқдоптың қайта түлеуіне қала әкімі Айбек Кәрімовтің сіңірген еңбегі ерекше.
СЕМЕЙ.