08 Қаңтар, 2014

Кенді Алтайда 11 балабақша салынбақ

332 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жақында Шығыс Қазақ­стан облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы бастығының орын­­­­­­­басары Сәуле Ұлақова ақпарат құралдары өкілдерімен кездесіп, мемлекет-жеке меншік әріптестігі арқылы Өскеменде – 6, ал Семейде 5 балабақша құрылысы басталатынын айтты.

Жақында Шығыс Қазақ­стан облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы бастығының орын­­­­­­­басары Сәуле Ұлақова ақпарат құралдары өкілдерімен кездесіп, мемлекет-жеке меншік әріптестігі арқылы Өскеменде – 6, ал Семейде 5 балабақша құрылысы басталатынын айтты.

– Балабақшалар кешенінің құрылысына қатысты жобалар алдымен Астана қаласына сараптамаға жіберілді. Біз қан­шама асыққанымызбен минис­трлікте құжаттар рәсім­деуден ұзақ уақыт өтеді. Әр жоба сала­лық, экономикалық сараптамадан кем дегенде үш рет өтеді, – деді өз сөзінде С.Ұла­қова.

Бұған қоса, денсаулық сақтау саласындағы жобалар да бар. Өскемен қаласындағы 300 орын­ға шақталған көпсалалы аурухананың құры­лысы және Семейдегі 200 орынға шақталған балалар ауруханасының жобалары да Астана қаласына мемлекеттік сараптамаға жі­берілді. Әзірге анықталған кемшіліктерді жою шаралары қолға алынды. Мемлекет-жеке меншік әріптестігі орталығының басшысы Әлия Масағанованың айтуына сүйенсек, қазіргі таңда барлық жобалар инвесторлардың қолдауын тапты. Сонымен қа­тар, орталық «Даму» қорымен, екінші дәрежелі банктермен тығыз байланыс орнатты.

Өңір басшысы Б.Сапарбаев мұның алдындағы алқалы жиында Шығыс өңірінде әлеуметтік жобаларды жүзеге асырып қана қоймай, инвесторларды қызықтыратындай өзге де жо­баларды қарастыру қажет екендігін атап көрсеткен.

– Ақтау мен Атырау қала­ларында әуежай құры­лы­сына қатысты тиімді жобалар бар. Бізге де осы сынды бағдарламаларды қарастыру қажет. Семей қала­сында көлік-логистикалық ке­шен­нің барын ескерсек, осындай жобалар біз үшін де, инвес­торлар үшін де тиімді, – дейді облыс әкімі бұл жобаларға оң көзқарасын білдіріп.

Оңдасын ЕЛУБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

ӨСКЕМЕН.

Соңғы жаңалықтар