Батыс Қазақстан облысында коронавирустан емдейтін арнайы стационарларда емделіп жатқан науқас саны 731-ге жетті. Індет басталғалы облыста 420 адам COVID-19-дан көз жұмған.

Осы кезге дейін облыста коронавирус инфекциясын жұқтырған 26 379 адам тіркелген екен. Індет жұқтырғандардың 78,6-%-ы, яғни 20 735 адам жазылып шыққан. Соның ішінде 9 668 адам стационарлық, 11 067 адам амбулаториялық ем алған.
– Шілденің 9-ында облыстың инфекциялық стационарларындағы 97 реанимациялық төсектік орында 54 науқас емделіп жатыр. Жансақтау бөлімдерінің толымдылығы 60 пайызға таяды, – дейді облыстың бас санитар дәрігері Мұхамғали Арыспаев.
Реанимациялық төсекте жатқан науқастар негізінен жасы 60-тан асқан егде жандар екен. Жүрек-қан тарымы, диабет секілді қосалқы дерттер коронавирустың қауіптілігін күшейте түседі. Сондықтан мамандар қарияларға, созылмалы дерті бар жандарға сақтық шараларын күшейтуді, көпшілік орындарға бармауды ескертуде.
Соңғы мәліметтерге қарағанда, коронавирусқа қарсы вакцинаның ІІ компонентімен өңірде барлығы 71 502 адам егілген. Бұл жалпы облыс халқының 10 пайызынан сәл ғана артық.
– Бұл өте аз! Тұрғындардың басым көпшілігі екпе алмайтын болса, коронавирустың таралу қарқынын тежеу мүмкін емес, – дейді Мұхамғали Арыспаев.
Облыста екпе жұмысы биылғы
1 ақпанда басталды. Содан бері өңірге вакцинаның 320 050 дозасы келіп түскен. Мұның 188 000 дозасы – I компонент, 132 050 доза – II компонент. Оның ішінде Ресейде өндірілген Спутник V вакцинасы – 247 050 доза. Отандық QazVaс вакцинасы – 7 мың доза, Біріккен Араб әмірліктерінде өндірілген Hayat Vax вакцинасы – 50 мың доза, Қытайда өндірілген CoronaVac вакцинасы – 16 мың доза екен.
Жалпы, облыс бойынша вакцинаның І компонентімен 122 187 адам егілген. 91 092 адам – Спутник V екпесін, 1 959 адам – QazVac, 22 901 адам – Hayat Vax, 6 235 батысқазақстандық CoronaVac вакцинасын таңдаған.
– Халықты COVID-19 коронавирустық инфекциясынан қорғаудың жалғыз әрі тиімді жолы – вакциналау. Екпенің нәтижесінде адамзат шешек сынды аса қауіпті ауруды жеңіп, дифтерия, қызылша, сіреспе және тағы басқа ауыр инфекциялық ауруларға қатысты салыстырмалы эпидемиялық тұрақтылыққа қол жеткізді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынымы бойынша, ұжымдық иммунитет қалыптастыру үшін халықтың 60%-дан кем емес бөлігі вакциналануы тиіс. Аймақта эпидемиялық жағдайдың нашарлауына жол бермеу үшін санитарлық нормаларды қатаң сақтайық, адам көп жиналатын қоғамдық орындарға бармайық! – дейді өңірдің бас санитар дәрігері.
Елордада қаржы пирамидаларына қатысты 10 қылмыстық іс қозғалды
Елорда • Бүгін, 14:08
Депутат мектепке дейінгі білім беру саласындағы мәселені көтерді
Қазақстан • Бүгін, 13:57
Сенатор Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің жұмысын сынға алды
Қазақстан • Бүгін, 13:42
Қызылордада 134 млн теңге бюджет қаржысы ұрланған
Аймақтар • Бүгін, 13:29
Лифтіде әйелін соққыға жыққан ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды
Қоғам • Бүгін, 13:21
Ресейде соғыста қаза тапқан қазақстандық жауынгердің сүйегі табылды
Қазақстан • Бүгін, 13:09
Қазгеоақпарат және Қазгеология мекемелері біріктіріледі
Қоғам • Бүгін, 13:00
Шымкент полицейлері киберқылмыскерлердің тобын ұстады
Аймақтар • Бүгін, 12:52
Алтын қорының 36 пайызы ШҚО-да шоғырланған
Қоғам • Бүгін, 12:40
Жыл басынан бері салық түсімі 1,6 есе көбейді
Қазақстан • Бүгін, 12:32
Елімізде темекі бағасы қымбаттайды
Қазақстан • Бүгін, 12:24
Мемлекет басшысы Сенат төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 12:18
Ахмет Байтұрсынұлының туған үйін қайта жаңғырту жұмысы тоқтатылды
Аймақтар • Бүгін, 12:15
1 млрд теңге жымқырған шенеунік 7 жылға сотталды
Қазақстан • Бүгін, 12:06
Бірнеше өңірден жаңа кен орындарын іздеу басталды
Экология • Бүгін, 12:00
Мұнай мен газ қорының 75 пайызы Атырау облысында шоғырланған
Қоғам • Бүгін, 11:53
Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаттары марапатталды
Әдебиет • Бүгін, 11:45
Каспий жағалауында итбалықтар әлі де қырылып жатыр
Экология • Бүгін, 11:38
Қазақстанда 16 мыңға жуық шетел азаматы жұмыс істейді
Қоғам • Бүгін, 11:32
Қорғасын мен мырыштың жаңа кен орындары ашылуы мүмкін
Қазақстан • Бүгін, 11:22
Қорғаныс министрлігі өзімен-өзі сөйлесетін сарбазға қатысты түсініктеме берді
Аймақтар • Бүгін, 11:16
Ақтөбеде есірткі сатқан полиция қызметкері ұсталды
Оқиға • Бүгін, 11:07
Әлемде 44 миллион адам аштық алдында тұр – БҰҰ
Әлем • Бүгін, 10:58
Тағы жеті қазақстандық коронавирусқа шалдыққан
Коронавирус • Бүгін, 10:46
Жарнама сайттары арқылы жоқ тауарды саудалаған екі алаяқ ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 10:35
Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атағы үшін күреседі
Кәсіпқой бокс • Бүгін, 10:28
Қазақстан-Қытай арасында радиоактивті қалдықтарды өткізбеуге қатысты заң қабылданды
Үкімет • Бүгін, 10:19
«Айнтрахт» Еуропа лигасының жеңімпазы атанды
Футбол • Бүгін, 10:08
Nickelodeon мультфильмдері қазақ тілінде көрсетіле бастады
Қоғам • Бүгін, 10:00
Ерден Әріпов Жоғарғы Сот судьясы қызметінен босатылды
Қоғам • Бүгін, 09:57
Шымкентте тергеу изоляторындағы күдікті көз жұмды
Оқиға • Бүгін, 09:48
Қаржы • Бүгін, 09:36
Түрік компаниясы Қазақстанда тері өңдеу зауытын салады
Қазақстан • Бүгін, 09:23
Қоғам • Бүгін, 09:00
Қоғам • Бүгін, 08:58
Телевизиялық байқау жеңімпаздары анықталды
Қазақстан • Бүгін, 08:57
Спорт • Бүгін, 08:55
Теннис • Бүгін, 08:54
Спорт • Бүгін, 08:53
Қоғам • Бүгін, 08:52
Ұқсас жаңалықтар