Аймақтар • 12 Шілде, 2021

Курортты өңірде көлік апаты көп

122 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қара жолдың бойында абайламаған жүргізушіге төтеннен төнер қауіп-қатер көп. Сараптап қарасаңыз, себепші де белгілі. Облыста жыл басынан бері 255 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Өкінішке қарай, 45 адам қара жолдың бойындағы апаттан қаза тапты.

Курортты өңірде көлік апаты көп

Жиі кездесетін жол-көлік оқиғала­рының салдарынан 400-ден астам жолаушы әрқилы дене жарақатын алды. Мүгедек болып қалғандары қаншама. Жол полициясы қызметкерлері ел ішінде апаттың алдын алу бағытында жұмыс жүргізіп жатыр. Алайда қан­шама ескертіп, алдын алу шаралары жүргізілгенімен, қасіретті көрсеткіш өткен жылдың сәйкес мерзімімен са­лыстырғанда 15,4 пайызға өскен. Был­тыр орын алған 221 жол апатының сал­дарынан 30 адам мерт болып, 363 адам жарақат алса, биылғы алғашқы жарты жылдықтың өзіндегі көрсеткіш былтырдан көп.

– Жылдамдықты шамадан тыс арт­тыру оқиғалары жиі орын алады. Байқаусызда қарсы бағытқа шы­ғып кету, темір тұлпарды мас кү­йінде жүргізу де жиі кездеседі, – дей­ді облыстық көлік бақылау инс­пекциясының аға инспекторы Әділбек Сұрағанов.

Өткен жылы жол-көлік апатының алдын алуға бағытталған ондаған рейд ұйымдастырылған екен. Іс-шара барысында 78 мыңнан астам жол ережесін бұзу фактілері тіркеліпті. Бұрнағы жылмен салыстырғанда, бұл көрсеткіш 219 пайызға көбейген. Оның ішінде 58 548-і жол-көлік ере­жесін өрескел бұзу санатына жатады.

Мамандар жол-көлік оқиғасының жиі кездесуі курортты аймақтың үле­сінде дейді. Екінші себебі, айтып келмес апатқа душар болу адам­дардың өз­дерінен. Мәселен, жыл басынан бері мас күйінде көлік тізгіндеген 469 көлік жүргізушісі ұсталған. Бейбіт күнде мас күйінде көлік жүр­гізіп, апатқа ұшырап жатқандар туралы ақпаратты күнде оқып, көріп жүрсе де, саналарына тоқып, сабақ алмайтындары несі екен?!

 

Ақмола облысы

 

Соңғы жаңалықтар