Әдебиет • 12 Шілде, 2021

«Теріскей толғаулары» жарыққа шықты

339 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Теріскей толғаулары» кітабы арнайы кәсіби музыкалық білім беретін оқу орындарына оқу құ­ралы ретінде, мәдени өнер ошақтарына музы­­калық-танымдық әдебиет ретінде ұсы­нылады.

«Теріскей толғаулары» жарыққа шықты

Кітаптың авторы, Қазақ ұлттық өнер университеті «Домбыра» кафедрасының профессоры, күйші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жанғали Жүзбай бұл еңбек Сүгір күйшінің мұрасын құрмет тұтатын барша оқырман аудиториясының қажетіне жарайтын әдебиет болатынына үмітті.

Қорқыт баба мұрасының жалғасы Ықыластың шәкірті, Қаратау күйшілік мектебінің негізін қалаушы, күйші-композитор Сүгір Әліұлының мұраларына арналған кітапта Сүгірдің 60 күйі және оның ұстаздары мен өнегесін көрген шәкірттерінің сирек орындалатын туындылары жинақталған. «Теріскей толғаулары» кітабының таныстырылымы мен тұсаукесері Түркістанда «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» РМҚК ұйымдастырған «Ұлы даланың ұлы күйшісі» атты іс-шара барысында өтті. Онлайн форматта өткен жиынға тарихшылар мен ғалымдар, жас күйшілер, ұлттық аспапта ойнаушылар қатысып, ой-пікірлерімен бөлісті.

 

Түркістан облысы

 

Соңғы жаңалықтар