08 Қаңтар, 2014

Әскерилер қоныс тойын тойлады

220 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жақында Аягөз гарнизонында күрделі жөндеуден өткізілген 80 пәтерлік тұрғын үй пайдалануға берілді, сондай-ақ, Талдықорған гарнизонында әскери қызметшілерге жаңа 16 пәтердің кілті табыс етілді.

Жақында Аягөз гарнизонында күрделі жөндеуден өткізілген 80 пәтерлік тұрғын үй пайдалануға берілді, сондай-ақ, Талдықорған гарнизонында әскери қызметшілерге жаңа 16 пәтердің кілті табыс етілді.

Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелері жаңа пәтерлерге қоныстанып, мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қамқорлықты тікелей сезінуде.

Шалғай гарнизондарда қызмет атқаратын әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету жөнінде атқарылып келе жатқан жұмыс олардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартуға бағытталған.

2013 жыл ішінде пәтерлер мен жатақханалардың кілттеріне республикамыздың түкпір-түкпірінде орналасқан әскери бөлімдердің әскери қызметшілері ие болды.

Өткен жыл басынан бері жалпы ауданы 27 189 шаршы метр болатын 535 тұрғын үй құрылысы аяқталып, 113 пәтер күрделі жөндеуден өтті. Сондай-ақ, әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін  жалпы ауданы 14 653 шаршы метрді құрайтын 245 пәтер сатып алынды.

«Егемен-ақпарат».

 

Соңғы жаңалықтар