08 Қаңтар, 2014

Ақпараттар ағыны

190 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

* Мамандар республика аумағының басым бөлігінде бүгін және ертең аязды ашық ауа райы сақталатынын айтады. Қостанай облысында таңертең және күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, бұрқасын соғады, түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Шығыс Қазақ­стан, Жамбыл облыстарында кей жерлерде тұман түседі, күндіз Шығыс Қазақстан облысында, түнде Жамбыл облысында 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында аздаған бұрқасынмен бірге секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел тұрады.

* Биыл сырқат жандарды шетелдерде емдету үшін мемлекет тарапынан 1 млрд.-тан аса теңге бөлінді.Бұл қаржыға ел азаматтары Ресей, Беларусь, Германия, Түркия сынды елдерде ем-дом ала алады. Олардың басым бөлігі ағзасын ауыстыруға барады.

*Алматы облысының Сарқан ауданында үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде су электр стансасы іске қосылды. Оның құрылысына 475 млн. теңге бөлінген еді. Бұл нысан жылына 12 млн. квт өндіреді.

*Ақтөбе облысындағы Н.Байғанин атындағы кітапхана қызметкерлері мүмкіндігі шектеулі балалардың үйлерін аралап, оларға ертегілер оқып береді. Сонымен бірге, жаңадан басылып шыққан құнды оқулықтарды таныстыруды естен шығармайды. Мұндай игі бастама қамкөңіл жандардың ойлау, сөйлеу қабілетін жақсартуға ықпал етуде.

*Өскемен қаласында елімізде сирек кездесетін тропикалық өсімдіктер өсірілуде. Олардың арасында Шыңғыс ханның сүйікті гүлі аталып кеткен «Муррая» да бар. Бұл гүлдің жүрек ауруына,  тыныс  жолына пайдасы зор.

*Екібастұз қаласында жетім және ата-ана қамқорлығына зәру 50-ден астам балаға пәтер кілті табыс етілді. Бұл бастама «Еңбекпен қамту-2020» бағдарламасы негізінде іске асырылды.

*Мектеп оқушысы Темірлан Нәби жасанды жолмен бал шығарды. Бұл бал ағзадағы зиянды вирус­тар мен аллергияны емдейтін көрінеді. Оның бұл еңбегі оқушылар арасында өткізілген байқауда жылдың үздік ғылыми жобасы атанды.

*Тараз қаласындағы өнертапқыш әмбебап өрт сөндіру машинасын ойлап тапты. Аталған көлікті теория жүзінде дәлелдеп шыққан Марат Аюбаев оған арнайы патент алды. Егер осы жаңалық өндіріске енгізілетін болса, екі тәулікке дейін тоқтаусыз жұмыс істей алатын өрт сөндіру машинасын пайдалана аламыз. Оның ерекшелігі, өртті 5 тәсілмен өшіре алады. Әрі Ресейден алынатын көліктерден бағасы 10 есе арзан.

*Алматы қаласында таксист 16 жасар қызды өлтірді. Өткен жылдың 28 желтоқсанында жоғалып кеткен колледж студентінің мүрдесін тәртіп сақшылары 3 қаңтарда тапқан. Тергеу барысында таксисттің жасөспірімді қомақты ақшасы үшін өлтіргені анықталды.

«ҚазАқпарат», Egemen.kz  хабарлары бойынша дайындалды.

Соңғы жаңалықтар