08 Қаңтар, 2014

350 полицей жұмыстан босатылды

317 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Түрік үкіметі 350-ге тарта полиция қызметкерлерін жұмыстан шығару туралы өкім еткен. ВВС ақпарат агенттігінің хабарлауынша, жұмыстан босатылған полицейлердің бәрі де ел астанасы Анкарада жұмыс істеген.

Оларды жұмыстан босату туралы шешім өткен жылдың желтоқсанында туындаған сыбайлас жемқорлыққа қатысты дау-жанжалға байланысты қабылданып отыр. Осыған дейін хабарланғанындай, өткен айда Түркияда сыбайлас жемқорлыққа қарсы рейд шеңберінде полиция елуден астам адамды қамауға алған болатын, олардың ішінде 3 министрдің баласы мен бірнеше ірі кәсіпкер бар. Бұл оқиға елде үлкен сілкініс туғызып отыр.

Түрік үкіметі 350-ге тарта полиция қызметкерлерін жұмыстан шығару туралы өкім еткен. ВВС ақпарат агенттігінің хабарлауынша, жұмыстан босатылған полицейлердің бәрі де ел астанасы Анкарада жұмыс істеген.

Оларды жұмыстан босату туралы шешім өткен жылдың желтоқсанында туындаған сыбайлас жемқорлыққа қатысты дау-жанжалға байланысты қабылданып отыр. Осыған дейін хабарланғанындай, өткен айда Түркияда сыбайлас жемқорлыққа қарсы рейд шеңберінде полиция елуден астам адамды қамауға алған болатын, олардың ішінде 3 министрдің баласы мен бірнеше ірі кәсіпкер бар. Бұл оқиға елде үлкен сілкініс туғызып отыр.

Зымыран сынақтан сәтті өтті

Үнді әскерилері сейсенбі күні ядролық оқтұмсық алып жүруге қабілетті «Притхви-2» оперативті-тактикалық зымыранды кезекті рет табысты сынақтан өткізді. The Times of India газетінің ақпаратына қарағанда, сынақ елдің шығысындағы Орисса штатында орналасқан «Чандипур» полигонында жүзеге асырылған.

«Притхви-2» баллистикалық зымыраны толықтай Үндістанда әзірленіп, жасалған. Оның ұшу ұзақтығы 350 шақырымды құраса, пайдалы салмақ көлемі шамамен 500-1000 килограмды құрайды екен. Үндістандық әскерилер «Притхви-2» зымыранын соңғы рет 2013 жылдың желтоқсан айында сынақтан өткізген болатын.

Федералдық резерв жүйесін әйел басқарады

АҚШ сенаты президент Барак Обама ұсынған Джанет Йелленнің кандидатурасын Федералдық резервтік жүйе басшысы лауазымына бекітті. Ол бұл қызметте Бен Бернанкені алмастыратын болады. Соңғы екі жыл бойы Дж.Йеллен оның орынбасары болып істеген болатын.

Б.Бернанке сияқты Дж.Йеллен де экономистер арасында «көгершін» деген атаққа ие. Бұл олар үшін инфляциямен күрес емес, жаңа жұмыс орындарын құру басымдыққа ие болып табылады дегенді білдіреді. Ол өткен жылдың қыркүйегінде бұрынғы қаржы министрі Ларри Саммерс оппозиция қарсылығына тап болу салдарынан өз кандидатурасын қайтып алуына байланысты ФРЖ басшысы лауазымына бірден-бір кандидат ретінде қалған болатын.

Шаңғыдан құлап, жарақат алды

Германия канцлері Ангела Меркель Швейцарияда шаңғымен серуендеп жүріп жамбасынан жарақат алған. Бұл туралы оның баспасөз хатшысы журналис­терге дүйсенбі күні хабарлаған көрінеді.

Оның айтуынша, Меркель шаңғымен өте жоғары жылдамдықта сырғанаған. Bloomberg агенттігінің хабарлауына қарағанда, Германия үкіметінің басшысы дәрігерлердің оған төсек режімін сақтауды талап етуіне байланысты таяудағы үш аптада белгіленген кездесулерін кейінге қалдыратын болады. Бұған дейін Меркель 8 қаңтарда Варшаваға барады деп белгіленген болатын. Сонымен бірге, канцлердің өз үйінде отырып жұмыс істей беретіні және сәрсенбі күні министрлер кабинетінің кездесуіне қатысатыны да белгілі болып отыр.

Премьер президент сайлауына қатыспайды

Литваның премьер-министрі, социал-демократтар лидері Альгирдас Буткявичюс әріптестерінің сайлауға түсуге шақыруына қарамас­тан, өзінің президент сайлауына қатыспайтынын берік түрде мәлімдеді.

Социал-демократиялық партияның президиумы президент сайлауына Еуропарламент мүшесі Зигмантас Бальчитистің кандидатурасын қолайлап отыр. Дегенмен, оның кандидатурасы әзірге ресми түрде ұсынылған жоқ. Ал партия төрағасының орынбасары, денсаулық сақтау министрі Витянис Повилас Андрюкайтис дүйсенбі күні өзінің премьерді президент сайлауына түсуге үгіттеп көруге тырысатынын атап өткен.

Атақты медиамагнат өмірден озды

Азиядағы ең ықпалды медиамагнаттардың бірі, Shaw Organisation медиакорпорациясының негізін қалаушы Ран Ран Шоу (Шао Жэньлэн) 107 жасында Гонконгта қайтыс болды, деп хабарлады британдық ВВС корпорациясы.

Өзінің бауырымен бірге Ран Ран Шоу кунг-фу туралы фильмдерді кеңінен таратумен айналысқан Shaw Brothers Studios кинокомпаниясының негізін қалаған болатын. Онда сол сияқты бірқатар кең танымал телешоулар мен мыңға тарта кинофильмдер де жасалды. Олардың арасында бірқатар беделді сыйлықтарға ие болған «Атышулы күң» атты тарихи драма да бар. Медиамагнат сол сияқты қайырымдылықпен де белсенді айналысып, медицина және білім беру мекемелеріне қаржы аударып тұрды.

Британ премьері атына сын айтты

Польша сыртқы істер министрі Радо­­­слав Сикорский дүйсенбі күні Ұлыбританияда жұмыс істейтін, ал отбасылары Польшада тұратын поляк­­тарға отбасылық жәрдемақылар төлеу­ге қарсылық білдірген британ премье­рі Дэвид Кэмеронның атына сын айтты.

Егер Ұлыбритания біздің салық төлеушілерімізді қабылдайтын болса, онда ол оларға тиісті жәрдемақыны да төлеуге тиіс емес пе? Олай болса неліктен польшалық салық төлеушілер британдық салық төлеушілердің балаларын субсидиялауға тиіс. Польша сыртқы істер министрі осы сөздерді ағылшын тілінде өзінің Твиттерінде жазған көрінеді. Ал ол көптеген еуропалық бұқаралық ақпарат құралдарына тарап кеткен.

Интернет материалдары негізінде әзірленді.

 

 

Соңғы жаңалықтар