Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы – Шымкент қаласында көшеде сатылып тұрған петарданы ермек қылған үлкенді-кішілі 11 адам 5 күннің ішінде әртүрлі жарақатпен ауруханаға түсті. Бұл туралы «КТК» телеарнасы хабарлады.
Телеарна тілшісінің айтуынша, қолынан жарақат алған 7 сынып оқушысы Ұлан Алтынбектің көзіне тағы бір ота жасалады. Оқыстан атылған петарда оны екі көзінен айыра жаздаған. Дәрігерлер бұл жасөспірім мүгедек болып қалуы да мүмкін деп отыр.
Қала көшелерінде тарс-тарс еткен петарданың толастайтын түрі жоқ. Осыған байланысты дәрігерлер зардап шегетіндердің саны артуы ықтимал деген пікірді алға тартады.
Бақытбек Кенешұлы.
Дереккөз: «КТК» телеарнасы
Фото: «КТК» телеарнасы.