
АҚШ Оңтүстік Корея аумағына қосымша әскер кіргізетіні жөнінде мәлімдеді. Бұл туралы Lenta.ru хабарлады.
Пентагонның ақпары бойынша, олар Оңтүстік Кореяға 800 әскери қызметкерді, сондай-ақ әскери техникалар кіргізеді. Пентагон бұл шараларды ақпан айында жүзеге асыруды жоспарлап отыр екен. АҚШ әскері КХДР-мен шекаралас аудандарға орналастырылады. Олардың Оңтүстік Кореядағы қызметі тоғыз айға созылмақ.
1 қаңтарда КХДР басшысы Ким Чен Ын дүниежүзілік соғыс пен ядролық қауіп туу мүмкіндігі жөнінде мәлімдеп, бұл қауіптің АҚШ-қа төнетінін айтып өткен. Сондай-ақ ол 25 желтоқсанда КХДР армиясын барынша жоғары дайындық сапына келуге шақырды.
АҚШ Солтүстік Корея тарапынан кез-келген арандатушылық әрекеттерге дайын болу керек деп есептейді. Олар сондай-ақ Пхеньянның ядролық және зымырандық бағдарламаларын дамытуына алаңдаушылық білдіруде.
Қазіргі уақытта Оңтүстік Корея аумағында АҚШ-тың 28500 әскери қызметкері бар. Олар үнемі Оңтүстік Кореямен бірігіп, оқу жаттығуларын жүргізіп тұрады.
Айдар Өрісбаев.
Дереккөз: Lenta.ru
Фото: Reuters.com