Алматы облыстық полиция департаменті 12 шілдеде сағат 16:50 шамасында Алматы-Талғар автожолының 13 шақырымында «ГАЗ-2705» маркалы инкассаторлық көліктің 35 жастағы жүргізушісі көлікті басқара алмай қалғанын түсіндірді.
«Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде автокөлік механикалық зақым алды. Жүргізуші мен жолаушылар арасында зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері 35 жастағы жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырды», деп мәлімдеді Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.