
Осы күндері Астанада теннистен қысқы Қазақстан чемпионаты өтуде. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Ерлер және әйелдер арасында өтіп жатқан чемпионатқа еліміздің жер-жерінен теннисшілер қатысуда. Қазір бірінші айналымның кездесулері аяқталып қалды. Онда ерлер арасында Денис Евсеев, Евгений Данилов, Сағадат Аяп, Жансұлтан Шымботаев, Қайсар Бекімов, Қуатбек Әбиев, Тимур Хабибулин, Богдан Валиев, Константин Баранов, Роман Хасанов, Глеб Карболин, Дмитрий Попко қарсыластарын ұтса, әйелдер арасында Екатерина Клюева, Жібек Құламбаева, Зарина Жұмажанова, Гүлназ Дөкей, Полина Голопутова, Анастасия Епишева, Екатерина Сагитова, Адделаида Ахвердиева, Александра Гринчишина, Анастасия Гордеева, Гүзел Айнитдинова, Жанел Тұрарбек келесі айналымға шықты.
Дастан Кенжалин.
Дереккөз: http://www.ktf.kz/