08 Қаңтар, 2014

Қазақстанның оңтүстігінде тасқынның қаупі бар

391 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

08 01-KizilordaҚызылорда облысында Сырдария өзені бойындағы қорғаныс бекіністерін тексеру жұмыстары жүргізілді. Бұл туралы Ras.kz хабарлады.

«Қызылорда облысында 2013-2014 жылғы қысқы-көктемгі кезеңдегі су тасқынының алдын алу мақсатында Сырдария өзені бойындағы қорғаныс бекіністерінің дайындығы мен төзімділігін тексеру жүргізілді. Мемлекеттік органдар уәкілдерінен құралған аранйы жұмыс тобы ағымдағы жөндеуді керек ететін 21 нысанды тапты. Олардың 18-і тоған болса, 2-і көпір және 1-і гидротехникалық құрылыс болып шықты», – делінген хабарламада.

Жаңақорған ауданында 1 ықтимал қауіпті нысан бар. Ол – Қандыарал көлінен жоғары жақтағы Төменарық елді мекені. Мұнда ұзындығы 2200 метр, ені 2 метр көлеміндегі тоған бұзылып кеткен. Осыған орай жасалатын жер жұмыстары 8 000 текше метрді құрайды.

Шиелі ауданында осындай қауіпті 5 нысан анықталды. Олардың ішінде Майлытоғай, Тартоғай және Қарғалы ауылдары тұстарындағы 3 тоған, Бестам ауылдық округіндегі 2 көпір жөндеуді керек етеді.

Жалағаш ауданы да 3 нысаннан қауіптеніп отыр. Олар «Тарыарық-1», «Тарыарық-2» учаскелеріндегі бөгеттер мен «Таң» елді мекеніндегі су құрылысына қатысты.  Қармақшы ауданында да 3 нысан қауіп шақырып тұр. Олардың бәрі де тоған болып табылады. Сондай 2 тоған Қазалы ауданын да әбігерге салатын түрі бар.

«Қызылордада қала әкімдігі 2013 жылғы 30 желтоқсанда 8 ықтимал қауіпті нысан туралы жазбаша мәлімет тапсырды. Олар негізінен саяжайлар ауданындағы бөгеттерден туындайды», – делінген хабарламада. Сол сияқты целлюлоза-картон зауыты, дубдиспансер және орман шаруашылығы алқабы секілді өңірлер маңындағы тоғандарды бекіте түспесе болмайды.

Дархан Назар.

Дереккөз: Ras.kz

Фото: Ras.kz.

Соңғы жаңалықтар