«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ деректері бойынша биыл маусым айында Электронды еңбек биржасында 96,4 мың бос жұмыс орны және 49,2 мың түйіндеме орналастырылған. Яғни өткен аймен салыстырғанда ЭЕБ-дағы бос жұмыс орындарының саны 28%-ға, ал түйіндемелер саны 6%-ға өсті. Бос жұмыс орындарының саны әсіресе елдің оңтүстік облыстарында көбірек өскенін айта кеткен ләзім.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, ЭЕБ-да орналастырылған бос орындардың үштен бір бөлігі (29,9 мың жұмыс орны) төмен біліктілікті талап ететін кәсіптерге жатады. Сұраныс бойынша екінші орында өнеркәсіп жұмысшылары – 16% немесе 15,8 мың жұмыс орны, үшінші орында кәсіби мамандар – 15% немесе 14,6 мың жұмыс орны. Салаларға келетін болсақ, маусым айында орналастырылған бос орындардың жалпы көлеміне өзге де қызметтер, ауыл шаруашылығы және құрылыс салалары негізгі үлес қосты. Осылайша, осы үш саланың кәсіпорындары бір ай ішінде 20 мыңнан астам бос жұмыс орнын жариялады.
Егер бос орындардың айлық серпінін қарастыратын болсақ, өткен аймен салыстырғанда бос орындар санының максималды өсімі білікті емес жұмысшыларға (+7,9 мың), өнеркәсіп жұмысшыларына (+3,9 мың), сондай-ақ қызмет көрсету және сату саласындағы қызметкерлерге (+2,9 мың) келеді. Атап айтқанда, біліктіліктің болуын талап етпейтін кәсіптер арасында бір ай ішінде қосалқы жұмысшыларға, көгалдандыру жөніндегі жұмысшыларға, әртүрлі жұмыстарды орындаумен айналысатын жұмысшыларға сұраныс артты. Өйткені ауыл шаруашылығы мен құрылыста маусымдық жұмыстар жанданды. Өнеркәсіп жұмысшылары арасында тігіншілер, слесарь-жөндеушілер, автослесарьлар және электромонтерларға сұраныс көбірек өсті. Ал қызмет көрсету және сату саласындағы қызметкерлер арасында күзетшілерге, аспаздарға және тәрбиешілердің көмекшілеріне сұраныс артты.
Жекелеген білікті мамандықтарды қарастыра отырып, маусым айында білікті кәсіптер арасында консультант-сатушылар (323 түйіндеме және 1 581 бос жұмыс орны), автомобиль жүргізушілері (872 түйіндеме және 1 854 бос жұмыс орны) жетіспейтінін атап өткен жөн. Мейірбикелерге/мейіргерлерге деген сұраныс еңбек нарығындағы ұсыныстан әлі де бұрынғысындай асып түседі (628 түйіндеме және 1 249 бос жұмыс орны). Біліктілігі жоқ қызметкерлердің арасында жүк тиеушілер, қосалқы жұмысшылар, түрлі жұмыстарды орындаумен айналысатын адамдар, ас үй жұмысшылары жетіспейді. Маусым айында ең тапшы мамандықтар қатарына біліктілігі жоқ құрылыс жұмысшылары мен ферма шаруашылығындағы түрлі жұмыстарды орындаумен айналысатын жұмысшылар қосылды.
Маусым айында білікті кәсіптер арасында мал өсірушілер (1 204 түйіндеме және 320 бос жұмыс орны), заңгерлер (539 түйіндеме және 254 бос жұмыс орны) артық болды. Ағымдағы жылдың алдыңғы айларынан айырмашылығы, маусым айында артық мамандықтар тізіміне фирма директорлары (236 түйіндеме және 9 бос жұмыс орны) және техник-бағдарламашылар (210 түйіндеме және 53 бос жұмыс орны) кірді. Біліктіліктің болуын талап етпейтін кәсіптер арасында елді мекендерді абаттандыру бойынша жұмысшылар, вахтерлер мен консьерждер, курьерлер, сондай-ақ аумақтарды абаттандыру бойынша жұмысшылар сұранысқа ие емес.
Өңірлік бөліністе өткен айлардағыдай бос жұмыс орындарының ең көп саны Қостанай, Қарағанды облыстарында, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында жарияланды. Жоғарыда аталған екі мегаполиске қарағанда, Шымкент қаласында маусым айында елдегі бос орындардың ең аз саны – барлығы 2 410 бірлік немесе бос орындардың жалпы санының 2%-ы ғана орналастырылған.
Өңірлер бойынша бос орындар серпіні көрсетіп отырғандай, бір ай ішінде бос орындар санының ең көп өсуі оңтүстік облыстарда – Жамбыл (+84%), Қызылорда (+70%) және Түркістан (+62%) облыстарында байқалды. Барлық үш өңірде қосалқы жұмысшылар аса тапшы болды. Бұл ретте Жамбыл облысында бос жұмыс орындарының саны түйіндемеге қарағанда екі есе көп болды. Жамбыл облысында қосалқы жұмысшылармен қатар консультант-сатушылар мен күзетшілер, Қызылорда облысында түрлі жұмыстарды орындаумен айналысатын адамдар, электр және басқа да қондырғыларды бақылаушылар, Түркістан облысында түрлі жұмыстарды орындаумен айналысатын адамдар, соның ішінде фермерлік шаруашылықтағы жұмысшылар сұранысқа ие болды. Оңтүстік аймақтарда жұмыс күшінің жетіспеушілігі факторларының бірі коронавирус инфекциясына байланысты көрші елдерден маусымдық мигранттарды тартудағы қиындықтар болуы мүмкін.
Орналастырылған түйіндемелерге қатысты ЕРДО талдаушылары елдің 8 өңірінде түйіндемелер санының артқанын атап өтті. Ең үлкен өсім (+63%) Ақтөбе облысында байқалды. Сонымен қатар ел бойынша түйіндемелердің ең үлкен өсуі қосалқы жұмысшылар, көгалдандыру бойынша жұмысшылар, елді мекендерді абаттандыру бойынша жұмысшылар және түрлі жұмыстарды орындаумен айналысатын жұмысшылар сияқты біліктілікті талап етпейтін кәсіптер бойынша байқалады. Білікті қызметкерлер арасында түйіндеменің ең көп өсуі тәрбиешілерде, компания директорларында және консультант-сатушыларда байқалады.
Жалпы алғанда, қажетті біліктілік деңгейі бойынша нарықтағы сұраныс ұсынысты қанағаттандырады және қызмет көрсету, құрылыс және ауыл шаруашылығы салаларындағы экономикалық қызметтің қарқындылығын көрсетеді.
Twitter Ресей Сыртқы істер министрлігінің ресми аккаунтын бұғаттады
Оқиға • Бүгін, 11:42
Елімізде республикалық «Жас өрен» байқауы өтеді
Қоғам • Бүгін, 11:38
Михаил Кукушкин Чикаго турнирінің екінші айналымына өтті
Теннис • Бүгін, 11:25
Қазақстанда «Ланъя» вирусы тіркелген жоқ
Медицина • Бүгін, 11:15
Ұлытауға қыркүйектен бастап «Тальго» пойызы қатынайды
Аймақтар • Бүгін, 11:08
Рыбакинаның Торонто турниріндегі келесі қарсыласы белгілі болды
Теннис • Бүгін, 10:57
10 тамызға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 10:46
«Восточный» көмір кенішінде жұмысшы қаза тапты
Аймақтар • Бүгін, 10:37
Шавкат Рахмонов UFC рейтингінде бір саты төмендеді
Спорт • Бүгін, 10:25
Қытай мен Өзбекстанға рейстер саны артты
Қазақстан • Бүгін, 10:17
Қазақстандықтардың орташа жалақысы 312 мың теңгеден асты
Қаржы • Бүгін, 10:07
Қазақстан мен Түрікменстан арасында көпір бой түзеді
Әлем • Бүгін, 10:00
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 09:55
Алматы облысында әскери қызметкер қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 09:42
Шөптегі хоккей: Қазақстан құрамасы Сингапур спортшыларын ұтты
Спорт • Бүгін, 09:37
Қашағанда мұнай қайта өндіріле бастады
Аймақтар • Бүгін, 09:25
Бүгін – Абай Құнанбайұлының туған күні
Абай • Бүгін, 09:18
Елімізде 2389 адам індеттен жазылып шықты
Коронавирус • Бүгін, 09:08
Тағы 1650 қазақстандық індет жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:00
Үздіктер қатарынан шығып қалды
Спорт • Бүгін, 08:43
Спорт • Бүгін, 08:40
Торонтода табысқа жете ала ма?
Теннис • Бүгін, 08:39
Халықаралық олимпиада жүлдегері
Білім • Бүгін, 08:37
«EcoQolday» қатысушыларына төлем жүргізіп жатыр
Қоғам • Бүгін, 08:35
13 қызметті автоматтандыру жоспарланған
Аймақтар • Бүгін, 08:33
Теннис • Бүгін, 08:32
85 миллион теңгеден астам берешегін қайтарған
Қоғам • Бүгін, 08:30
Қазақстан • Бүгін, 08:27
Колумбия үлкен өзгеріс қарсаңында тұр
Әлем • Бүгін, 08:25
Ақсақалдар кеңесі Бішкекте бас қосты
Саясат • Бүгін, 08:23
Абай күні кең көлемде атап өтілуде
Абай • Бүгін, 08:20
Аймақтар • Кеше
Мақсат – сапалы білімге қол жеткізу
Саясат • Кеше
Жаңа Зеландия: Ардерннің беделі түсіп барады
Әлем • Кеше
Израиль мен Палестина мәмілеге келді
Әлем • Кеше
Микрокредит тұзағына түспес үшін...
Қаржы • Кеше
Қоғам • Кеше
Мал бағуды неге жеңілдетпеске?
Қоғам • Кеше
Ұқсас жаңалықтар