Білім • 13 Шілде, 2021

Мәселе шешімін тапты

566 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Egemen Qazaqstan»-ның биылғы 19 мамырдағы нөмірінде біздің «Шикі бұйрықтың шырғалаңы» мақаламыз шыққан еді.

Мәселе шешімін тапты

Онда Білім және ғы­лым ми­нистр­лігінен түс­кен бұйрық нақ­ты болмаған­дықтан, мектеп мұға­лім­дері мен балабақ­ша тәр­биешілеріне модера­тор­лы­ғы, педагогикалық ше­бер­­лігі, зерт­теушілігі, са­рап­шылығы үшін тө­ленуге тиісті қосымша ақы­­лар тө­ленбей отырғаны ту­ра­лы сын айтылған. Пе­тро­павл қалалық білім бө­лімінің бас­ бухгалтері Н.Бижігітова бұйрық анық жазылмағандықтан, қосымша ақыларды төлеуге бата ал­май отырғандығын жеткізген-ді. 

Газет сынынан кейін ми­нистр­­лік бұйрыққа тү­сінік беріп, аталған атақ­тары үшін мұға­лім­дер мен тәрбиешілерге қосым­ша ақылар төлене бастапты.  

Бұл қомақты қосымша ақылар білім саласы қыз­меткерлерінің өз ма­ман­дығы бойынша кәсіби шеберлігін арттыруға деген ын­тасын оята түсері сөзсіз. Мысалы, «Педагогикалық шеберлік» дәрежесін қорғаған әрбір ұс­тазға ай сайын 88 200 теңге қо­сымша төленеді. Ондай ұстаздар Петро­павл қаласында әзірге төр­теу екен. Ал енді «Педагог-зерт­теуші» дәре­жесін алғандар 95 адам. Бұлардың қосымша ақысы ай сайын 62 847 теңгеден. Ал моде­раторлығы үшін ұстаздар 41 983 теңгеден алады. Олардың саны да 80-нен асады.  Осындай атақ­тар алған балабақша тәрбие­шілері де қомақты қосымша ақыға қол жет­кізіпті.

Мектеп директорлары мен олардың орынбасар­ларына да тиісті санаттары болса қосымша ақы тө­ленетін болған. 

 

ПЕТРОПАВЛ