Қоғам • 13 Шілде, 2021

Бас мүфти кәсіпкерлерге үндеу жасады

611 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Құрбан айт қарсаңында кәсіпкерлерге үндеу жасады. Бұл туралы ҚМДБ баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz. 

Бас мүфти кәсіпкерлерге үндеу жасады

Мас мүфти үндеуінде Құрбан айт күні ең ұнамды әрі сүйікті амал құрбан шалу екенін айта келе, кәсіпкерлерді мал құнын қымбаттатпауды өтінді.     

«Айт күндері халық тарапынан мал сатып алуға деген сұраныстың арта түсетіні белгілі. Осы ретте еліміздегі барша шаруа қожалықтарының қожайындарын ұлық мейрам – Құрбан айттың құрметіне мал құнын шарықтатпай, халыққа оңтайлы бағаны ұсынуға шақырамын. Сонымен қатар барша кәсіпкерлерді тұрғындар күнде тұтынатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасына мүмкіндігінше жеңілдік жасауға үндеймін. Құрбан айттың негізгі мәні мұсылмандар арасында өзара мейірімділік, жомарттық, қайырымдылық, қанағат сынды адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру. Алланың рақым нұры төгілетін құрбан айтта жұртымызға жақсылық жасап, көпшіліктің ризашылығына бөленейік», деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Айта кетейік, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қуаңшылықтан зардап шеккен өңірлердегі шаруаларға қолдау көрсету мақсатында «Қиындықта ел бірге» атты қайырымдылық акциясын бастады. Акция аясында Қызылорда, Маңғыстау облыстарына жем-шөп жөнелтілетін болады. Бас мүфти осы игі іске үлес қосып, отандастарымызға қол ұшын созуға шақырды.