Илон Маск Ричард Брэнсонның жақын досы екенін, сондай-ақ SpaceX кемесімен ғарышқа аттанатынын да атап өтті.
Алайда Илон Масктың Virgin Galactic кемесімен ғарышқа қашан ұшатыны әлі белгісіз. The Wall Street Journal газетінің хабарлауынша, кемеде бір орын 250 000 долларға ұсынылған. Бұл жағдайда жолаушылар төрт минут ішінде нөлдік ауырлықта болады.
Еске салайық, 11 шілде күні Virgin Galactic өзінің Unity-22 ғарыш кемесін Ричард Брэнсонмен және басқа да бірнеше ғарышкерлермен сәтті ұшырып, содан кейін Нью-Мексикадағы Spaceport America-ға қонғанын мәлімдеді.
Илон Маск пен Джефф Безос Ричард Брэнсонды ғарышқа сәтті ұшуымен құттықтады, дегенмен Безостың Blue Origin компаниясы бұрын бұл рейсті ғарыш деп мойындамайтынын айтқан, өйткені Virgin Galactic ғарыш кемесі 86 шақырым биіктікке көтерілді, ал «ғарыш шекарасы» (Карман сызығы) 100 шақырым биіктіктен басталады.