Аймақтар • 13 Шілде, 2021

Алматыда үшем дүниеге келді

491 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматылық 24 жастағы жас ана үшемдерді дүниеге әкелді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда үшем дүниеге келді

Сәбилер уақытынан ерте туған. Әр баланың салмағы бір келіге де жетпеген. Қазір олардың жағдайы жақсарып, анасымен бірге үйіне шығарылды.

«Алматы қалалық Перинаталдық орталығының дәрігерлері 24 жастағы аяғы ауыр келіншекті қабылдап, түскі уақытта үшемді босандырып алды. Сәбилер мерзімінен бұрын 910 грамм, 930 грамм және 980 грамм аралығында шала туған, бірақ дәрігерлер осы үш қыздың өмірін сақтап қалу үшін қолдан келгеннің бәрін жасады. Дүниеге келген үшем реанимация бөлімшесіне жатқызылды. Реанимациядан кейін қарқынды терапия бөлімшесінде ем алды. Күту кезеңі оң динамикасын көрсеткен соң жаңа туған нәрестелердің жағдайы тұрақталып, жалпы бөлімшеге ауыстырылды», деді Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта босанған әйелдің және 3 қыздың жағдайы қанағаттанарлық. Жас ана мен үшемдер 47 күн Перинаталдық орталықта қарауда болды. Алдағы уақытта балаларды отбасының тұрғылықты жері бойынша емхананың дәрігерлері қадағалайтын болады.

«Босанғаннан кейін сәбилерді бірден реанимацияға алып кетті, дәрігерлер өте жақсы қарады. Реанимация бөлімшесінен 10-15 күн аралығында бірінші екі қыз шықты, содан кейін Сезім дүниеге келді», деді жас ана Айым Сағатбек.

Сәбилердің денсаулығы қазір жақсы. Өз бетімен еметін жағдайға жеткен. Үшеуі де салмақ қосып келеді.