Фото: Владимир Гердо
«Кузьминкиде Өзбекстан мен Қырғызстаннан келген еңбек мигранттары арасындағы жекпе-жек масштабты сипатқа ие болды. Жанжалға жүзге жуық адам қатысты», делінген дереккөзде.
Төбелесті полиция тоқтатқан. Жаппай төбелестің 20-ға жуық қатысушысы ұсталды.
Төбелеске қатысқан бірнеше азамат медициналық көмекке жүгініп, үш зардап шегуші ауруханаға жіберілген.