Аймақтар • 13 Шілде, 2021

Жұмысшы әйелдер зейнет жасын төмендетуді ұсынды

219 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәжіліс депутаттары, Nur Otan партиясы фракциясының мүшелері Қайнар Абасов пен Сырым Ертаев Түркістан облысындағы Кентау трансформатор зауытының жұмысшыларымен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жұмысшы әйелдер зейнет жасын төмендетуді ұсынды

Кентау трансформатор зауытының жұмысшыларымен кездесуде Мәжіліс депутаттары өнімнің 40% экспортталатын кәсіпорын үшін өзекті мәселелерді талқылады.

Басқарма төрағасы Хайролла Қожабаевтың айтуынша, мемлекеттен жаңа жабдық сатып алуға жеңілдетілген несие алу моноқалаларды дамыту бағдарламасы бойынша 1%-бен несие алу өндірістік қуатты арттыруға мүмкіндік берер еді.

Мәжіліс депутаттары кәсіпорындарға көрсетілетін мемлекеттік қолдаудың, оның ішінде пандемияның экономикалық салдарын еңсеру, сонымен қатар отандық өндірушілерді қолдаудың заңнамалық нормаларының маңыздылығын атап өтті. 

Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасында белсенді экспорттаушы компанияларды 400-ден 1000-ға дейін ұлғайту көзделген. Осыған байланысты, шикізаттық емес экспорт екі есеге артады деп күтілуде.

«Пандемия салдарынан тоқтап қалған кәсіпорындарға мемлекеттік қолдау көрсету ерекше маңызды. Несие беру мәселесі Парламентте талқыланып, ұсыныстар Үкіметке жіберілетін болады», деді Мәжіліс депутаты Сырым Ертаев.

Мәжілісмендер кәсіпорын қызметкерлерінің әлеуметтік сұраныстарын шешу мәселесіне де назар аударды. Атап айтқанда, жұмысшылар жалпы өндірісте жұмыс істейтін әйелдердің зейнеткерлік жасын төмендету туралы ұсыныстар айтылды.

Экспортқа бағдарланған кәсіпорындарды қолдау – Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасының басым міндеттерінің бірі.