09 Қаңтар, 2014

Не болып барады?

412 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Осы күні ештеңеге таңғалмай­тын да, таңғалдырмайтын да болып бара жатқан секілдіміз. Тіпті, бойымызды немкеттілік, немқұрайлылық, бойкүйездік, селқостық, е, дей салатын бір сұмдықтар билеп алған тәрізді. Осы таяу күндері  теледидардан үш бейкүнә баланы біреудің ауласына әкеліп, жалаңаяқ, жалаңбас, кішісін сөмкенің ішіне салып тастап кеткені туралы сюжет көрсетті.

Осы күні ештеңеге таңғалмай­тын датаңғалдырмайтын да болып бара жатқан секілдімізТіпті, бойымызды немкеттілік, немқұрайлылық, бойкүйездік, селқостық, е, дей салатын бір сұмдықтар билеп алған тәрізді. Осы таяу күндері  теледидардан үш бейкүнә баланы біреудің ауласына әкеліп, жалаңаяқ, жалаңбас, кішісін сөмкенің ішіне салып тастап кеткені туралы сюжет көрсетті. Үшеуі де үріп ауызға салғандай ұл мен қыз екен. Аттары әдемі қойылған: Керемет – үш жаста, Мирас – екі жаста, Кәусар – сегіз айлық. Қарап отырғанда, жүрегің қан жылайды, сүйегің сырқырайды. Осындай күйге қалай түсті екен? Не себеп болды екен? Адамның кінәсі өз алдына, қоғам кінәратсыз ба?

Біз кейде осындай қатыгездікті айтқанда, себебіне көз жұмып, бәрі жақсы дегенді желеулетіп, салдарына жүгінеміз. Абай айтады: «Кеселді түйін шешілсе» деп. Шынында, жат қылық, кеселді түйінді сөзбұйдаға салып, шеше алмағандығымыздан болып отыр ма? Байлығы мен атағы әлемді тамсандырған Қазақ елінде мұндай бетке шіркеу қылықтардың айды қойып, кейде күн сайын қайталана беретіні неліктен екен? Біз ел болып, жұрт болып осыны ойластыра алып отырмыз ба? Қазақ жер көлемі жағынан әлемде 9-орын алады деп мақтанамыз. Ал халқының саны бойынша тізімде 62-болып тұрмыз. Өткен ғасырдың басында «Әлхамдилла, алты миллионбыз!» дедік. Жаңа ғасырдың басында 11 миллионға жеттік дейміз. Бес миллион қазақ сыртта жүр. Көршіміз, өзбек туыстар бір кездері бізден аз еді. Осы күндері 30 миллионға шығып, шіреп тұр. Ғалым Әзімбай Ғали «Табиғи өсім орта деңгейде, бұл болашақта ұлтқа қауіп» деген уәжді алға тартады. Ал біз сол қауіптен қорғанудың орнына, періште ұрпақты қор қылып жатырмыз. Осындай келеңсіз жайларды, ұлт рухын жасытар сұмдықтарды естігенде, басылымдардан оқығанда не болып барады, не болып барамыз, қатыгездік, қайырымсыздық қазаққа қайдан келді, қандай жұқсыздардан жұқты дейсің де, Абайға бас қоясың. Данышпан ақын: «Қайнайды қаның, ашиды жаның, мінездерін көргенде» дейді. Ұлттың бойындағы рухсыз мінезді, намыссыздықты өзгеге көл, өзімізге шөл бола қалатын кейпімізді көргенде, ұлы ақын осылай деген-ау, шамасы? Ел болған тұста мұндай жат мінезден арылмасақ, ертең бейкүнә, ақ ұлпа кінәсіз ұрпақтың наласына қаларымыз анық. «Бала туғанда ақ қағаздай болып таза туа­ды, оның үстіне шимақты қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі де сол сияқты, өзің қалай тәрбиелесең, ол да солай тәрбиеленеді» десе француз Жан-Жак Руссо,  «Көпшілікті адамшылыққа тәрбиелеу үшін жас буынды жақсылап тәрбиелеу керек», дейді қазақ Мұхтар Әуе­зов. Осыған қазақ жұрты ден қой­са, намысын жаныса, рухсыз­дық­тан арылса,  ұл-қызы мынандай тағдыр тауқыметін тартпасы анық.

Сүлеймен МӘМЕТ,

«Егемен Қазақстан».

Соңғы жаңалықтар