Білім • 13 Шілде, 2021

Президент тапсырмасымен «Жас ғалым» жобасына 3 млрд теңге бөлінді

1265 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Жас ғалым» жобасы аясында мыңдаған жас маманға грант бөлу үшін 3 млрд теңге бөлінеді. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент тапсырмасымен «Жас ғалым» жобасына 3 млрд теңге бөлінді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылы «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында ғылым саласын дамыту бойынша нақты тапсырмалар берген болатын.

«Үкіметке жыл сайын әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында 500 ғалымның тағылымдамадан өтуін қамтамасыз етуді, сондай-ақ, «Жас ғалым» жобасы аясында зерттеу жүргізу үшін 1000 грант бөлуді тапсырамын», деген болатын Мемлекет басшысы.

«Әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында тағлымдамадан өту үшін ғалымдарға бөлінген 500 грантты, сондай-ақ, «Жас ғалым» жобасы бойынша жас ғалымдарға арналған 1000 грантты қаржыландыру механизмдері анықталды. Ғалымдарға тағлымдамадан өтуге бөлінген 500 грантты қаржыландыру үшін 1,35 млрд теңге көлемінде бюджеттік өтінім қабылданды», деп жазылған Президенттің баспасөз хатшысы ұсынған мәліметте.

Бұдан бөлек тағылымдамадан өту ережелері пысықталып, үміткерлерді іріктеудің талаптары әзірленгені жайында айтылған. Сондай-ақ тағылмдамадан өткісі келетін 1000 жас ғалымның мәліметтер қоры жасақталғаны және «Жас ғалым» жобасы аясында байқауды қаржыландыруға 3 млрд теңге бөлу мақұлданғаны жайлы жазылған.

д

Берік Уәлидің дерегі бойынша, екі тапсырма да орындалған.